È

Жазғы кинотеатр. Күн бұлтты болып, жаңбыр жауып кетуі ықтимал

Жазғы кинотеатр. Күн бұлтты болып, жаңбыр жауып кетуі ықтимал

27 және 28 мамырда Алматы қаласы Ботаникалық бағындағы «Киносад» жазғы кинотеатры қалалықтарды отандық фильмдердің кезекті көрсетілімімен қуанта алмайды. Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері Алматыда жаңбыр жауады. Осыған байланысты ұйымдастырушылар көрсетілімді келесі аптаға ауыстыруды жөн санады.

Маусымның алғашқы демалысында жазғы кинотеатрдың қонақтарына Сәкен Жолдастың «Он и Она» комедиялық мелодрамасы көрсетіледі. Сюжет бойынша үлкен махаббатты армандап жүрген қарапайым алматылық студенттің күнделікті өмірі баяндалады. Оның өмірінде кенеттен әдемі, батыл әрі жұмбақ қыз пайда болады. Бойжеткен жігіттің өмірінің астан-кестеңін шығарып, із-түссіз жоғалып кетеді.

Басты рөлдерді Динара Бақтыбаева және Жандос Айбасов сомдады. Сондай-ақ, көрермендер фильмнен Азат Сейтметов, Асылхан Төлепов, Әнуар Нұрпейісов, Жанна Қуанышева және т.б. танымал актерларды көре алады.

Келесі жолдары көрермендерге Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» және Ермек Тұрсыновтың «Кемпір» картиналары ұсынылатын болады.

«Киносад» жазғы кинотеатрының бас демеушісі әрі ұйымдастырушысы – Қазақстан Халық банкі аясындағы «Халық» қайырымдылық қоры. Сонымен қатар, мәдени шараның ұйымдастыруына «Басты Ботаникалық бағының даму қоры» қоғамдық қоры, «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны КН ҚР БҒМ және «Бродвей» кинопорталы атсалысты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер