È

Алматыда «Жаз»: Кирилл Серебренников фильмінің тұсауы кесілді

Алматыда «Жаз»: Кирилл Серебренников фильмінің тұсауы кесілді

Алматыдағы Chaplin MEGA Park кинотеатрында ресейлік режиссер Кирилл Серебренниковтың «Жаз» фильмінің тұсаукесері өтті. Картина негізіне шынайы тұлғалар арқау болды – кезінде «Зоопарк» тобының танымал үздігі болған Майк Науменко және белгілі Виктор Цой және екеуінің достығы жырланады.

Көрсетілімге БАҚ өкілдері, арнайы қонақтар және өмірінің соңғы күндері жанында болған Виктор Цойдың жақын досы, кинорежиссер Рашид Нұғыманов келді. Бұл кеште қонақтар Цой жайлы және оның шығармашылығы мен «Кино» тобы туралы ұзақ әңгімеледі. Кеш көркін Drugs`N`Focks, Einstein және LampЫ Orchestra отандық рок-топтары ашты. Концерттен соң көрермендер залға өтті.

Рашид Нұғыманов. Фото: Kursiv.kz
Рашид Нұғыманов. Фото: Kursiv.kz

«Маған фильм ұнады. Әрине, экранда басқа Цой көрсетілді. Актер Тео Ю оның көңіл-күйін бере алған сияқты. Дегенмен, айта кету керек, фильмде оның ерте кездері, 19-20 жас кезіндегі оқиғалар суреттелген. Ал біз екеуіміз оның өмірінің соңғы жылдарын, 85-жылдан басталған кезді бірге өткіздік, ол кез өмірінің басқа белесі болатын. Кирилл Серебренников Викторды, Майкты жіті танымады, сондықтан актерларға тапсырма қою қиындау болған шығар. Бірақ, картинадан сол уақыттың атмосферасын көрсетуге тырысқанын байқаймыз. Жалпы, қолынан келген сияқты деп ойлаймын», - деп бөлісті фильм жайлы Рашид Нұғыманов.

Кирилл Серебренников таспасының тұсаукесері жақында Мәскеуде өткен, ал ең алғаш болып оны 71-ші Канн кинофестивалінің көрермендері бағалады, сол жақта фильм үздік саундтрек үшін жүлде иеленген болатын.

«Жаз» фильмі қазақстандық айналымға шықты. Көрсетілім уақытын кинотеатрлар афишасынан таңдай аласыздар.

«Бродвей» редакциясы «Жаз» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Chaplin Cinemas пен Meloman Entertainmentке алғыс білдіреді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер