È

Лиам Нисон мен Лесли Мэнвилл «Қарапайым адамдар» драмасына бірге түседі

Лиам Нисон мен Лесли Мэнвилл «Қарапайым адамдар» драмасына бірге түседі

Лиам Нисон («Жолаушы», «Үнсіздік») және биылғы жылы Пол Томас Андерсонның «Елесті жіп» фильміндегі екінші қатардағы үздік рөлі үшін «Оскарға» ұсынылған Лесли Мэнвилл «Қарапайым адамдар» картинасына бірге түсетін болды.

Таспа режиссерлары Лиза Баррос Д’Са және Глен Лейберн болмақ, олар көпшілік жақсы қабылдаған «Шиелі жарылыс» және «Жақсы дірілдер» инди-драмалары арқылы танылған. Жаңа жұмыстарының түсірілімі шілдеде ирландық Белфаст қаласында өтеді. Кейін жоба халықаралық сатып алушыларға және Канндағы жалға алушыларға ұсынылады.

«Қарапайым адамдардың» сценарийін тәжірибелі ирландық драматург Оуэн МакКаферти жазған. Жұлдыздар Нисон мен Мэнвилл ұзақ уақыт некеде тұрған ерлі-зайыптылардың рөлін сомдайды. Әйеліне аяқ астынан кеуде обыры диагнозы қойылғанда, қарым-қатынастары беріктікке сыналады әрі болашақтары айқындалады.

«Осындай таза әрі әдемі оқиғаның кейіпкерлерін Лиам Нисон мен Лесли Мэнвилл секілді тамаша актерлардың сомдайтынына қуаныштымыз», - деді режиссерлар болашақ жобалары жайында.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер