È

«Жеделсаты», «Арман» және «Өзен» Аsian world film festival бағдарламасында

«Жеделсаты», «Арман» және «Өзен» Аsian world film festival бағдарламасында

Нұртас Адамбайдың «Жеделсатысы», Рашид Сүлейменовтың «Арманы» және Эмир Байғазиннің «Өзені» Аsian world film festival-ге қатысуда.

«Өзен» мен «Жеделсаты» кинофестивальдің негізгі іріктеуінен өтті, сондай-ақ, Эмир Байғазиннің картинасы байқауда бақ сынайды. Рашид Сүлейменовтың фильмі арнайы көрсетілімге ие болды.

«Өзен» фильмінен көрініс
«Өзен» фильмінен көрініс

Қазақстаннан бөлек, Аsian world film festival жүлдесі үшін Түркия, Сингапур, Пәкістан, Франция, Ресей, Малайзия және т.б. елдердің таспалары таласады. Сонымен қатар, байқауда Константин Хабенскийдің «Оскарға» баратын «Собибор» фильмі бақ сынамақ.

Биыл Аsian world film festival АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 24 қазан және 1 қараша аралығында өтеді.

«Жеделсаты» фильмінен көрініс
«Жеделсаты» фильмінен көрініс

AWFF кинофестивалінің басқарушы директоры Әсел Шерниязованың қырғыздық «Азаттыққа» берген сұхбатында айтқанындай, биылғы жылдың басты тақырыбы – «Азия аумағы киноөндірісіндегі әйелдердің кәсіби рөлі мен әсері».

«Арман» фильмінен көрініс
«Арман» фильмінен көрініс

Шараны «Love Sonia» америка-үнділік өндірістік фильмі ашады.

Еске салсақ, сондай-ақ «Өзен» Asia Pacific Screen Awards-қа қатысып жатыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер