È

«Әділдік одағы» демалыста 444 млн. теңгеден астам қаржы жинады

16-19 қараша аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыстың нәтижесі бойынша отандық айналымда Warner Brothers студиясының «Әділдік одағы» блокбастері үздік атанды. Картина 400 миллион теңгеден астам қаржы жинады. «Кішкентай қанішер» мультфильмі, «Ғажайып» драмасы секілді жаңа туындылар Қазақстандағы кассалық жинақта өз орындарын тапты. Олардың қандай касса жинағанын төменнен оқып, біле аласыздар.

«Әділдік одағы» фантастикалық атыс-шабыс фильмі 444 978 700 теңге жинап, күзгі тұсаукесерлі жинақтың рекордсмены «Тор: Рагнарёк» фильмін басып озды. «Әділдік одағы» американдық айналымда 96 миллион доллармен басталған, бұл 103 миллион жинаған «Ғажайып әйелдің» және 166 миллион доллар жинаған «Супермен Бэтменге қарсы» бастамасынан әлдеқайда төмен.

Екінші орынға «Шығыс экспрессіндегі өлім» кинотаспасы түсіп қалды. Детективті хикая 64 108 250 теңге жинады. Картина Джонни Депп пен Пенелопа Крустың үшінші біріккен жобасы болды. Екеуі ««Кокаин» және «Кариб теңізінің қарақшылары: Біртүрлі жағалауда» картиналарында ойнаған. Депп Мишель Пфайффермен де бірінші мәрте жұмыс істеп отырған жоқ. Екеуі бұрын «Қапас көлеңкелер» таспасына түскен.

«Әділдік одағы» фильмінен көрініс

«Тор: Рагнарёк» төмендеп келеді. Кинофантастика айналымның үшінші аптасында 25 825 946 теңге жинады, ал жалпы жинағы әзірге 484 836 255 теңгені құрады. Кейт Бланшетт бұл картинаға түспей қалатын да еді. Актриса жобаға Marvel комикстерінің жанкүйері болып табылатын балаларының өтінішімен ғана түскен. Оның үстіне, ұлы Игнатиус Мартин Аптон фильмде рөлге ие болған.

Төртінші орынға 8 003 609 теңге жинағымен «Кішкентай қанішер» мультфильмі тұрақтады. Анимация айналымның бар уақытында 23 279 599 теңге жинаған. Таспа - Нидерланды, Германия, Дания мен Ұлыбритания елдерінен шыққан мамандардың ортақ жобасы. Анимацияның музыкасын нидерландтық композитор Виджай Бирепут жазған.

Үздік бестікті тұсаукесерлі демалыста 7 733 000 теңге жинаған «Ғажайып» америкалық драмасы қорытындылайды. Режиссері Пол Кинг болуы мүмкін еді. Алайда, ол «Паддингтон хикаялары» фильмінің екінші бөлімін түсіру үшін жобадан кеткен болатын. «Ғажайып» фильмінің қойылымымен режиссер әрі жазушы Стивен Чбоски («Момын болған қандай жақсы», 2012) айналысты.

«Шығыс экспрессіндегі өлім» фильмінен көрініс

«Аға ма әлде неке ме» отандық комедиясы тағы да 6 861 400 теңге жинады. Картинаның жалпы жинағы 189 239 400 теңгені құрайды. Фильм - Құралай Анарбекованың толық метрдегі дебютті жобасы. Бұрын ол Corich production компаниясының негізін қалап, «Алтын ұя» және «Дуэт» хикаяларының продюсері болған. Картина сценарийін жас авторлар Арыстан Каунев және Әділбек Сейілхан жазды.

«Фиксиктер: Үлкен құпия» анимациялық фильмі 3 591 540 теңге көлемінде пайда тапты. Картинаның Қазақстандағы айналымнан тапқан жалпы жинағы - 41 014 950 теңге. Толықметражды мультфильмнің өндірісімен «Аэроплан» студиясы айналысты. 4,5 миллион рубль бюджеті бар фиксиктер 6 миллион рубльдан жоғары қаржы тапқан.

«Аңыздар» фильмінен көрініс

«Аңыздар» атты тағы бір ресейлік фильм 3 442 226 теңге жинады. Картинадағы басты рөлді Греция актері Яннис Пападопулос сомдады. Бір ерекшелігі, ол түсірілім үшін екі айдың ішінде орыс тілін үйреніп алған. «Аңыздар» - актер Александр Молочников үшін алғашқы режиссерлік әрі сценарийлік жұмысы.

Кинотаспалар рейтингін қорытындылаймыз: «Соңғы жауынгер» - 3 171 000 теңге, «Ван Гог. Махаббатпен, Винсент» - 2 838 000 теңге, «Батылдар ісі» - 1 641 500 теңге, «Джунгли» - 1 528 200 теңге және «Көлеңкелер мекені» - 964 800 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment компаниясының және Comscore Ticketon.kz материалдары бойынша дайындалды

Қазақстанда Comscore жүйесіне Chaplin Cinemas, Star Cinema және Арсенал кинотеатрлар желісі қосылған

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер