È

«Мұрагерлікке қалған махаббат» отандық айналымның үздік бестігінің қатарында

28 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта тыңшылық аңыздарды жақсы көретін жандарды ерекше қуантты: айналымға жалданушы Митч Рэпп туралы баяндайтын «Жалданушы» және президент Ричард Никсонның отставкаға шығу себебін анықтайтын «Уотергейт. Ақ үйдің күйреуі» фильмдері шыққан болатын. «Мұрагерлікке қалған махаббат» отандық фильмі де көрермендер қызығушылығын тудырған. Отандық картинаның қаншалықты пайдаға кенелгенін және Қазақстандағы кассалық жинақтың рейтингісінде кімнің көш бастап тұрғанын төмендегі материалымыздан оқи аласыздар.

Кассалық жинақ бойынша «Kingsman: Алтын сақина» үздік болып келеді. Фильм екінші аптада 59 092 000 теңге көлемінде пайда тапқан. Таспаның жалпы жинағы 136 974 500 теңгені құрайды. Актерлар Джефф Бриджес пен Холли Берри бірігіп, комикс бойынша түсірілген үшінші франшизаға қатысты. Бриджес «Темір адамға» (2008) және «Елесті патрульге» (2013), ал Берри «Икс адамдары» мен «Әйел мысық» (2004) фильмдеріне түскен еді.

«Жалданушы» фильмінен көрініс

Екінші орынға 13 278 000 теңге жинаған «Жалданушы» кинотаспасы жайғасты. Фильм Винс Флинның агент Митч Рэппе туралы баяндайтын романының экрандалған түрі болып табылады. Алғашында режиссерлік орынға Антуан Фукуа, ал басты рөлге Джерард Батлер үміткер болған. Кейіннен режиссері - Майкл Куэсте, ал рөлге Дилан О`Брайенге тиесілі болды.

«Тұтқындар» ресейлік драмасы американдық кинолардан қалыспай келеді. Картина 12 791 800 теңге жинады. Сценарийімен Лаша Бугадзе, Ираклий Квирикадзе және Резо Гигинеишвили 4 жыл бойы айналысқан. Сценарий жазудың алдында авторлар сол оқиғаның жүздеген куәгерлері арасында сауалнама жүргізген, сондай-ақ тергеудің материалдарын зерттеген. Кастинг те біраз қиынға соққан көрінеді, нәтижесінде фильмдегі рөлдерге Гига Датиашвили, Гиорги Грдзелидзе, Георгий Табидзе және Гиорги Хурцилава ие болды.

«Уотергейт. Ақ үйдің күйреуі» фильмі 8 682 000 теңге жинады. Картина негізіне президент Ричард Никсонның отставкаға кетуіне себеп болған белгілі уотергейттік жанжал арқау болған. Драма режиссері - Питер Ландесман, оның иелігінде әзірге екі жоба: 2015 жылғы «Қорғаушы» және 2013 жылғы «Парклэнд» бар. Бір қызығы, Ландесманның жаңа картинасына бұрын «Қорғаушыларға» түскен актер Эдди Марсан қатысқан.

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінен көрініс

Үздік бестіктің соңында «Мұрагерлікке қалған махаббат» отандық таспасы тұр. Фильм тұсаукесерлі демалыста 7 380 000 теңге жинаған. Картина актер Нияз Әбдіғапардың бірінші режиссерлік жұмысы әрі вайнер Нұрлан Батыровтың үлкен кинодағы дебюті болды. Режиссер мен оның тобы түсірілімге 2016 жылдың күзінде кіріскен. «Мұрагерлікке қалған махаббат» Астанада түсірілді.

Алтыншы орынға «Лего Ниндзяго фильм» анимациясы жайғасты. Таспа 6 474 600 теңге жинады. Аталмыш жоба Кумэйл Нанджиани мен Майкл Пеньяның алғашқы біріккен жұмысы емес. Екеуі бұрын 2015 жылы «Тозаққа және кері қарай» мультфильміндегі кейіпкерлерді дыбыстаған. Кумэйл Зак Вудспен де бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқ. Олардың алдыңғы жобалары - 2014 жылы шыққан «Кремний алқабы».

«Оно» қорқынышты фильмі айналымның төртінші аптасында 3 922 800 теңге көлеміндегі қаржыға ие болды. Қазақстан бойынша жалпы жинағы 163 453 000 теңгені құрайды. Билл Скарсгард бір сұхбатында Пеннивайз рөліне енгені соншалық, түсірілім кезінде қорқынышты елестер мазалағанын айтқан. Пеннивайздың Стивен Кингті шошытатыны белгілі. Жазушы енді ешқашан сайқымазақ туралы жазбайтын айтты, себебі аталмыш кейіпкер тіпті өзіне де қорқынышты көрінеді екен.

«Екінші мүмкіндік» фильмінен көрініс

«Жанармай арасымен Техасстік қырғын: Былғары бет» триллері кассасы бар-жоғы 3 678 000 теңгеге толтырды. Фильм 2015 жылы түсірілген, бірақ қаржылық мәселелерге байланысты оның тұсаукесерін кейінге шегерген. Айта кету керек, авторлар қаржыны үнемдеу үшін картинаны АҚШ-та емес, Болгарияда түсірген. Таспа Тоуб Хупер үшін соңғы продюсерлік жоба болды.

Үш миллионнан кем жинаған кинотаспалар: «Логан сәттілігі» - 2 416 800 теңге, «Серіктес» - 2 768 000 теңге, «Әпкелі-сіңлілі 7-дің құпиясы» - 2 713 200 теңге, «Екінші мүмкіндік» - 2 166 000 теңге және «Брэд беделі» - 1 649 100 теңге.

Ең аз касса жинағандар: «Гоголь. Начало» - 722 000 теңге және «Клаустрофобия» - 314 300 теңге.

 

*Материал Comscore және Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Comscore жүйесіне Chaplin Cinemas, Star Cinema және Арсенал кинотеатрлар желісі қосылған

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер