È

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің трейлері мен постері

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің трейлері мен постері. Қазақстан киносы

28 қыркүйек күні кинотеатрлардан режиссер Нияз Әбдіғапардың «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмі көрсетіледі. Көрермендер тұсаукесер алдында картинаның ресми трейлері мен постерін көре алады.

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмі – ағайынды Арсен мен Арман туралы баяндайтын комедиялық драма. Ер жігіттер отыздан асты, бірақ әлі бойдақ жүр. Әкелері мұрасыз қалдырамын деп қорқытпағанда, олар әлі де отбасы туралы ойланбай жүре берер еді. Бір қарағанда, қалыңдық табу оңай іс секілді. Алайда, кейіпкерлер оңай еңсере қоймайтын қиындықтар мен кедергілерге тап болады.

Ағайынды екеуді Мұрат Бисенбин мен Нұрлан Батыров сомдады. Сондай-ақ, көрермендер фильмнен Альбина Оганесян, Мөлдір Мекенбаева, Эдуард Табишев пен Азиз Рыскелдиев сынды актерларды көре алады.

Картина түсірілімі былтырғы жылы күзде Астанада өткен. Қоюшы-операторы - Сергей Селищев. Жобаның продюсері - Данияр Рыскелдиев.

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің өндірісімен Enterprise production компаниясы айналысты.

Еске сала кетсек, биыл Нияз Әбдіғапар «ПроЯвление» мен «Саяхатшы» атты екі картина түсірді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер