È

Мұрат Бисенбин «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильміндегі өзінің кейіпкері туралы

Мұрат Бисенбин «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильміндегі өзінің кейіпкері туралы. Қазақстан киносы

29 қыркүйек күні режиссер Нияз Әбдіғапардың «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмі айналымға шығады. Кинотаспа былтырғы күзде комедиялық драма жанрында түсірілген. Сюжеттің ортасында ағайынды екеу - Арман мен Арсен. Соның бірін Мұрат Бисенбин сомдады, актер кейіпкері туралы толығырақ «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

«Комедия жанры мен үшін жаңалық болды. Аталмыш картинада ерекше образды сомдаймын. Көрермендер таң қалатын шығар деп ойлаймын. Кейіпкерімнің түрі сұсты болғанымен, әзілге өте жақын. Ағасы екеуі 30 жастан асқан, сондықтан ата-аналары олардың бойдақ күйде жүргендеріне алаңдаулы. Бір күні әкелері «үйленебесеңдер мұрасыз қаласыңдар» деп шарт қояды. Сол кезден бастап Арман мен Арсен әрекетке көшеді»,-деп түсіндірді актер.

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің түсірілімінен сурет

Жігіттің ағасын Нұрлан Батыров сомдады, ол үшін комедия кинодағы дебюті болды. Сондай-ақ, картинаға Альбина Оганесян, Мөлдір Мекенбаева және Эдуард Табишев түсті.

Мұрат Бисенбиннің айтуынша, түсірілім өте тез әрі көңілді өткен. Фильммен жас түсірілім тобы жұмыс істегенімен, барлығы кәсіби түрде орындалды.

Еске сала кетсек, «Мұрагерлікке қалған махаббаттан» кейін актер Нияз Әбдіғапардың «Саяхатшы» атты басқа картинасына түскен.

 

Превью: Сергей Монко @sergeymonko

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер