Марина Қонарова «Полицейлер» ситкомы бойынша жұмыс істеуде
Алматыда «Полицейлер» комедиялық хикаясының түсірілімі басталды. Жоба «31 арнаның» тапсырысы бойынша түсірілуде. Картина режиссері Марина Қонарова, ол көрермендерге «Елес аңшылары» және «999» кинотаспалары арқылы танымал. Хикая продюсері - Ернар Мәліков, қоюшы-оператор - Саят Жанғазинов.
«Хикая қазақстандық тәртіп сақшыларының күнделікті күйбеңін баяндайды. Олардың қызметтері ситком форматында көрсетіледі. Хикаядағы басты рөлдерді Марат Көккөзов, Данила Попов, Дәулет Нұразхан, Шер Әлі, Марат Әбішев және Айдана Мұрат сомдайды. Түсірілім жұмыстары жеңіл әрі көңілді өтуде, әрқайсысы өздеріне берілген рөлді 100% орындап жатыр. Хикаяның басқа жобалардан ерекшелігі динамиканың болуында, сондай-ақ, полицейлердің қылмыскерлерді қолға түсіру әдісі көрсетіледі»,-деп айтып берді Қонарова.
Түсірілімге арналған локациялар әр түрлі. Топ ормандағы, атқорадағы және стадиондағы көріністерді түсіріп бітті. Алайда, ситкомның локациялар тізімі әлі де толығатын болады, өйткені продакшн жалғасып жатыр.
Хикая биылғы жылдың желтоқсанында шығуы мүмкін. «Полицейлер» көпсериялы фильмнің түсірілімі тамыздың соңына дейін созылмақ. Бір бөлімнің хронометражы 25 минутты құрайды
Превью: Марина Қонарованың Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін