È

Отбасылық құндылықтарды баяндайтын «Бір сен үшін» мелодрамасы айналымға шыға бастады

Отбасылық құндылықтарды баяндайтын «Бір сен үшін» мелодрамасы айналымға шыға бастады. Қазақстан киносы

Қазақстандық айналымға отбасылық қарым-қатынас, шыдамдылық пен адалдық туралы баяндайтын «Бір сен үшін» фильмі жарыққа шықты. Туынды актер әрі продюсер Азамат Сатыбалды негізін қалаған «Cinema 28» киностудиясының бірінші жобасы болды. Фильмнің қоюшы-режиссері - Ардақ Төлеубай.

«Толықметражды фильм түсіруге идеясы үш жыл бұрын туындаған. Ардақ Төлеубай екеуіміз доспыз, кезекті бір кездесу барысында бірігіп фильм түсірсек қалай болады деп ойладық. Біздің таңдауымыз қазіргі таңда өршіп тұрған әлеуметтік мәселелердің бірі - ажырасуға келіп тоқтады. Әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, көптеген қазақстандық отбасылардың балалы бола алмау салдарынан ажырасуға баратыны анықталған. «Бір сен үшін» фильмінде осы тақырыпты тереңірек ашып көрсеткіміз келді. Бізді қолдағандардың барлығына алғысым шексіз. Себебі, кино бір ғана адамның емес, бүкіл ұжым еңбегінің арқасында туындайды. Осы тұста мынаны атап өткім келеді, аталмыш картинаны біз қаржылық мақсатта түсірген жоқпыз. Басты мақсатымыз – қоғамға өмірдегі ең маңызды нәрсе отбасы екендігін, бақыт үшін күресу керектігін жеткізу. Егер біз ақша табуды көздеген болсақ, жеңіл-желпі комедия түсіре салатын едік»,-деп бөлісті Азамат Сатыбалды.

Сюжет бойынша Асқар көптеген сынақтардан өтеді. Әйелі Айжан некедегі ұзақ жылдар бойы бала көтере алмады. Көптен күткен тұңғышы Асқар үшін бір ғажайыпқа тән еді. Жас бойжеткен Индирамен болған бір сәттік қарым-қатынастан азамат әке атанады. Мұның бір ғана шешімі бар, ол – ажырасу. Бірақ, кейіпкер асығыс шешім қабылдағысы келмейді. Өйткені, жалғыз Айжанды ғана сүйеді.

Фильм түсірушілер актерларды сценарий жазылып жатқанда таңдаған. Ресми кастинг жарияланбас бұрын басты рөлдерді Оразхан Кеңесбаевқа, Зарин Кәрменге және Айжан Байзақоваға берген.

Ардақ Төлеубай үшін «Бір сен үшін» картинасы режиссерлік дебюті болды. Оның сөзінше, топ сапалы әрі абыройлы кино түсіруді көздеген.

«Біз фильмді жан-тәнімізбен, бар ықыласымызбен, шын жүрегімізбен түсірдік. Сондықтан, біз үшін көрермендердің, сыншылардың пікірі аса маңызды. Шындықты айтып, фильмге қатысты өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Фильм түсірушілер ретінде біздің одан әрі дамып, өскіміз келеді»,-деді режиссер.

Отандық мелодрама 27 сәуірден бастап айналымда. Фильм кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Алина

26 апреля 2017, 12:18

Ну и как фильм? Стоит сходить?

Гульнар Карипбаева

1 мамыр 2017, 18:07

По совету детей сходили с подругой. Фильм очень хороший.затронуты многие жизненные вопросы,с возможным их решением. Азамата Сатыбалды открыла для себя с другой стороны. Отлично! Игра его.игра других актеров(фамилии пока не запомнила) хорошая. Подбор актеров проведён тоже классно! Не любовь за красоту,как в обычных фильмишках,а любовь к ЧЕЛОВЕКУ!КОМАНДА СРАБОТАЛА НА "ОТЛИЧНО"!МОЛОДЦЫ!!! Модем,если захотим.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер