È

«Бастау» ХКФ қазылар алқасы

«Бастау» ХКФ қазылар алқасы

«Бастау» VI халықаралық студенттер мен киномектептер байқауы қазылар алқасымен таныстырды. Жеңімпаздарды продюсер, режиссер және актер Нұртас Адамбай, қоюшы-оператор Хиро Нарита («Дорогая, я уменьшил наших детей», «Звездный путь 6: Неоткрытая страна»), сондай-ақ жазушы әрі режиссер, азиялық кино маманы Джаспер Шарп анықтайтын болады.

Бүгінде фестивальдың іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталды. Селекциялық жұмысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Рымбек Әлпиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Дамир Манабаев, режиссер Азат Хакимов, сценарист, режиссер, продюсер Эля Гильман және киносыншы Кәрім Қадырбаев жүргізді.

Хиро Нарито

Қатысушылардың тізімі мен байқау бағдарламасы жақын күндері жарияланады.

Төртінші рет өткізілгелі отырған «Бастау» фестивалі 24-і мен 28 қазан аралығында Алматыда өтеді. Хадықаралық қазылардың шешімімен келесі жүлделер жеңімпаздарға табысталады: «Гран-при», «Специальный приз жюри», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел адам рөлі», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік деректі фильм», «Үздік көркем фильм», «Үздік анимациялық фильм» және «Үздік сценарий».

 

Фотографиялар Google іздеу жүйесінен алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер