È

«Мотылек» фильмі Пусан кинофестивалінде көрсетіледі

«Мотылек» фильмі Пусан кинофестивалінде көрсетіледі

Азиза Жамбакиевтің «Мотылек» қысқаметражды фильмі XXI Пусан халықаралық кинофестиваліне қатысады. Картина Wide Angle: Asian Short Film Competition секциясында көрсетіледі.

«Мотылек» - Азиз Жамбакиевтің режиссерлық дебюті. Бұған дейін ол «Асланның сабақтары», «Черная курица», «Метаморфозис» және «Синдром Петрушки» секілді фильмдердің операторы болған.

Фильм жас қыздың ішкі күйзелісі жайлы. Ол ауыр ойлардан құтылып, қарапайым өмірге оралуға тырысады. Ол да шфнайы сүйгісі келеді, сүйікті болғысы келеді.

Сценарийін Азиз Жамбакиев Алена Аловамен бірлесіп жазды. Фильм 2015 жылы Әсел Сағатованың, Қарлығаш Мухамеджанованыңой и Аружан Джазильбекованың қатысуымен түсірілді.

Пусан халықаралық кинофестивалі - жас режиссерлердің жұмыстарын көрсетуге маманданған ең ірі байқаулардың бірі. Биылғы жылы фестиваль 6 қазанда басталады. Жеңімпаздар 15 қазанда жабылу салтанатында белгілі болады.

Режиссердің айтуынша, «Мотылек» фильмін ол өзінің әріптесі, досы Сафар Шакеевке арнаған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер