È

«Смолфут» мультфильмі отандық айналымда бірінші орынға ие болды

25-28 қазан аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыста тұсаукесерлер ешкімнің көңілін қалдырмады. Айналымға «Махаббат» кафесі», «Репродукция», «Қажымас», «Супербобровтар. Халықтық кек алушылар» және «Ремнант. Сені әлі де көріп тұрмын» картиналары шықты.

Отандық айналымда «Смолфут» анимациялық фильмі көш бастап келеді. Оның бокс-офисы 131 488 560 теңгені құрады. Жобамен «Лего Фильммен» айналысқан топ жұмыс істеді. Мультфильм Warner Animation Group студиясы үшін алғашқы мюзикл және бесінші толықметражды фильм болып табылады.

«Репродукция» фильмінен көрініс
«Репродукция» фильмінен көрініс

Екінші орынға алғашқы демалыста 59 409 000 теңге жинаған «Репродукция» триллері ие болды. Фильм сценарийі Киану Ривз бен Стивен Хэймелдің Company Films компаниясымен жазылды. Фильмнің әлемдік тұсаукесері былтыр қыркүйекте Торонтодағы ХКФ-де өткен еді.

Өткен аптаның үздігі «Ұлы дала комедиясы» өткен демалыста 44 150 850 теңге жинады. Комедияның бас продюсері әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Әлиханов болды. 23 күнге созылған фильмнің түсірілімі Алматыда өткен.

«Хэллоуин» фильмінен көрініс
«Хэллоуин» фильмінен көрініс

«Веном» айналымның төртінші аптасында бокс-офисын 23 471 960 теңгеге көбейтті. Фильмдегі оқиға Marvel кинематография әлемінен тыс өрбиді. Картина тұсаукесері Веномның комикс беттеріне алғаш шыққан кезі, 30 жылдың мерейтойымен тұспа-тұс келді.

«Хэллоуин» кассасы 13 663 650 теңгені құрайды. Аттас франшизаның бірінші бөлімін түсірген Джон Карпентер бұл жолы картина продюсері болып, тіпті музыкасын жазды. Ник Касл топтағы ең қарт актер болды. Оның жасы 70-те.

«Махаббат» кафесі» романтикалық комедиясы алғашқы демалыста 9 735 600 теңге жинады. Таспаның режиссері әрі сценаристі Асқар Ұзабаев болды. Бас продюсері – әнші Ерке Есмахан. Картина Жамбыл облысы, Шу қаласындағы жол бойындағы дәмханада түсірілген.

«Супербобровтар. Халықтық кек алушылар» фильмінен көрініс
«Супербобровтар. Халықтық кек алушылар» фильмінен көрініс

«Супербобровтар. Халықтық кек алушылар» авторларға 8 616 300 теңге сыйлады. Ата кейіпкері Владимир Толоконниковтың соңғы рөлі болып табылады. Актер картина түсірілімі кезінде жүрек талмасынан қайтыс болған. Фильм түсірілімі Таиланд пен Ресейде өтті.

«Менсіз» драмасының жинағы 8 075 200 теңгені құрайды. Соңғы көріністің музыкасын пианиношы Андрей Квинт орындады. Кейбір көріністердің түсірілімі үшін Ресейдегі ең ұзын операторлық кран пайдаланылды, оның өлшемі 27 метрге жетеді.

«Қажымас» өткен демалыста 7 961 100 теңге жинады. Картинаның жұмыс атауы «Танкішілер» болатын. Режиссері Константин Максимов болды. Түсірілімге Т-34 және КВ-1 маркалы нағыз кеңестік танкілер пайдаланылды.

«Қажымас» фильмінен көрініс
«Қажымас» фильмінен көрініс

Бес миллионнан аз жинағандар: «Эль-Рояль қонақ үйінде жақсы ештеңе жоқ» - 4 043 200 теңге және «Іздеу» - 3 032 800 теңге.

Рейтинг аутсайдерлері: «Ремнант. Сені әлі де көріп тұрмын» - 3 015 600 теңге және «Ойыншықтар дүкенінің құпиясы» - 1 956 050 теңге.

 

Кесте кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер