È

«Көліктер 3» мультфильмі Қазақстандағы кассалық жинақ бойынша «Мумияны» басып озды

15-18 маусым аралығындағы кассалық жинақ

«Көліктер 3» мультфильмінің тұсаукесерлі аптада қанша миллион жинағанын, Никола Юнның аттас романының желісімен түсірілген «Осы ғалам» экрандауын көрерменнің қалай қабылдағанын және «Өте жаман қыздар» фильмін отандастарымыздың қаншалықты жақсы көргенін Қазақстандағы кассалық жинаққа арналған материалымыздан оқи аласыздар.

Өткен демалыстардағы кассалық жинақтан «Көліктер 3» анимациясы алда келеді. Мультфильм 252 781 550 теңге жинады. Джон Лассетер үшінші бөлімінің режиссерлік орынын Брайан Фиге босатып берді. Брайн бұрын алдыңғы екі бөлімнің кадрға бөлу жұмыстарымен айналысқан болатын. Қалған топ мүшелері өзгеріссіз қалды: сценарийін Дэниель Герсон, Бен Квин, Джимми Хейуорд, Роберт Бейрд және Дэн Фогельман жазды, ал басты кейіпкер Найзағай МакКуинды актер Оуэн Уилсон («Париждегі түн») дыбыстады.

«Мумия» блокбастері 143 831 150 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм сценарийін Кристофер Маккуорри жазды, ол бұрын Том Крузбен «Джек Ричер» (2012) және «Орындалмас тапсырма: Елден қуылғандар тайпасы» (2015) картиналарымен жұмыс істеген. Круз үшін «Мумия» қорқынышты фильмдер жанрындағы екінші жобасы болды. 1994 жылы актер «Қанішермен сұхбат» фильміне түскен. Кинотаспа Томның Рассел Кроумен («Ақыл ойындары») бірігіп істеген алғашқы жұмысы болды.

«Мумия» фильмінен көрініс

«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» шытырман оқиғалы фильмі кассаны 54 764 200 теңгеге толтырды. Хуан Карлос Вельидо франшизадағы екі түрлі кейіпкерді сомдады. Актер «Кариб теңізінің қарақшылары: Біртүрлі жағалауларда» бөлімінде испан капитанын сомдаса, жаңа бөлімінде капитан Салазардың сенімді нөкерін ойнады. Джонни Депп пен Хавьер Бардем үшін фильм екінші біріккен жоба болды. Екеуі 2000 жылы «Түн батпай тұрып» картинасына түскен.

«Ғажайып-әйел» қиял-ғажайып таспасы 51 124 150 теңге жинады. Картина Ғажайып-әйел сырға тақпайтын алғашқы туынды болды. Ол бұрын «Wonder Woman» (1975 - 1979) және «Керемет достар» (1973 - 2011) хикаяларында қызыл сырға, ал «Әділдік одағы» (2001 - 2004) хикаясында ақ сырға таққан. Сонымен қатар, жаңа фильмде алғаш рет жас Диана көрсетілді. Жобаның алдыңғы бөлімдерінде оны ересек ретінде көрсетіп келген.

«Өте жаман қыздар» фильмінен көрініс

«Өте жаман қыздар» комедиясы айналымда 31 266 450 теңге жинаған. Ұмытылмас қыздар кеші хикаясын режиссер Люсия Аньелло түсірді. Ол үшін фильм толық метрдегі дебюті болды. Режиссердің бұрынғы жұмыстары - «Брод Сити», «Уақыт бонгы» және «Өзге ғарыш» хикаялары. Картина бастапқыда «Rocked that body» («Қыздыр») деп аталған болатын. «Өте жаман қыздар» фильмін 2016 жылы Нью-Йорк штатында тамыз бен қыркүйек аралығында түсірген.

«Осы ғалам» драмасы алғашқы демалыста 15 940 350 теңге жинады. Картина Никола Юнның аттас романының желісімен түсірілген. Режиссер әрі сценарист Стелла Мэги үшін фильм екінші жоба болды. Оның дебютті картинасы 2016 жылы жарыққа шыққан «Джонсовтан шыққан жын» фильмі болатын. Кинотаспаның түсірілімі былтырғы жылдың қыркүйек айында Канададағы Ванкуверде өткен.

«Осы ғалам» фильмінен көрініс

«Малибу құтқарушылары» комедиялық фильмі 10 464 800 теңге көлемінде қаржы жинады. Картина сценарийін Дамиан Шеннон мен Марк Свифт жазды. Шығармашылық дуэт бұрын «Фредди Джейсонға қарсы» (2003) фильміне және «Жұма 13-і» (2009) танымал қорқынышты фильм ремейкіне, сондай-ақ, «Мен, әкем және итім» (2012) отбасылық комедиясына сценарий жазған. Қазіргі таңда екеуі «Genies» («Жын») шытырман оқиғалы картинасымен жұмыс істеуде.

Өткен демалыста жолы болмағандар тізіміне келесі фильмдер енді: «Орбита 9» - 3 316 600 теңге, «Сараң» - 2 651 700 теңге, «Оның иттік жұмысы - 1 114 600 теңге және «Төбеттер уақыты» - 997 900 теңге.

 

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер