È

«Күлтегін» және «Мұзбалақ» мультфильмдері XIV Халықаралық Қазан мұсылман киносы фестивалінде көрсетіледі

«Күлтегін» және «Мұзбалақ» мультфильмдері XIV Халықаралық Қазан мұсылман киносы фестивалінде көрсетіледі

Отандық «Күлтегін» және «Мұзбалақ» мультфильмдері XIV Халықаралық Қазан мұсылман киносы фестивалінің қатысушылары атанды. Кинокөрсетілім Татарстанның астанасы Қазан қаласында 4-10 қыркүйек аралығында өтеді.

Адай Әбелдиновтің «Күлтегін» және Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» анимациялық таспалары «Қазақфильм» киностудиясының негізінде өндірілді. «Күлтегін» бөлініп кеткен көшпенді тайпаларды Ұлы Түрік қағанаты туының астына біріктірген қолбасшыға арналады. «Мұзбалақ» фильмінің кейіпкері – бүркіт, ол қаһарлы Айдаһармен шайқасып, дала тұрғындарын құтқаруға тырысады.

«Күлтегін» мультфильмінен көрініс
«Күлтегін» мультфильмінен көрініс

Айта кету керек, «Күлтегін» және «Мұзбалақ» - Қазан кинокөрсетілімінде Қазақстанды таныстыратын жалғыз жобалар емес. Фестивальдің байқау бағдарламасына сондай-ақ, Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» толықметражды картинасы және Жайық Белқожаевтың «Мен оралдым» қысқаметражды деректі таспасы енді. Ал байқаудан тыс бағдарламада Абдель Фифтибаевтің «Бойжеткен» жастар мелодрамасы көрсетіледі.

Халықаралық Қазан мұсылман киносы фестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді, мақсаты – Ресейдің, жақын және алыс шетелдің мәдениет пен өнер қайраткерлерімен тәжірибе алмасу, кинематографшылардың шығармашылық жетістіктерін көрсетіп, әлемдік қоғамда ислам мен мұсылмандар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер