È

«Біз мұнда қаламақы немесе атақ үшін жүрген жоқпыз»

«Біз мұнда қаламақы  немесе атақ үшін жүрген жоқпыз»

Алматыда «Іңкәр жүрек» сериалының екінші маусымы түсіріліп жатыр. Көрерменге жақсы таныс сүйікті кейіпкерлері жаңа образда, жаңа оқиғаларымен қайта оралады. Негізгі рөлдердің актерлері Гүлшарат Жұбаева, Байғали Есенәлиев және Марат Сарсенбаев «Бродвей» редакциясына өз әсерлерімен бөлісіп, екінші маусым туралы әңгімелеп берді.

Гүлшарат Жұбаева алғаш сынақтан өтуге келгенде сценариймен танысып, кейіпкерін ұнатып қалады, тіпті актриса кейіпкердің кейбір мінезі өзіне ұқсайтынын байқаған.

«Сәуле есімді кейіпкермен екеуміз аздап ұқсаймыз. Ол да мен секілді тігінмен айналысады, өзіне сын көзбен қарайды, мақсатына ұмтылғыш. Ол карьерист, бірінші маусымнан бастап-ақ өзінің әлсіз әйел еместігін көрсетті. Бірақ екінші маусымда менің кейіпкерім кәсіпкерлікке ұмтылмайды. Ол өзінің бойындағы амбицияны бәсеңдетеді, өйткені ол екінші сәбиін дүниеге әкелмек. Ал Әлібек - Сәуленің күйеуі, ол да отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға тырысады. Сәуле өзі толығымен отбасымен жақындарына арнайды. Меніңше, ол ртбасының бәрінен де қымбат екенін түсіне бастайды», - дейді Гүлшарат.

Актрисаның айтуынша, оның мақсаты - кейіпкерді дұрыс жеткізе білу, ең бастысы көрерменнің көңілінен шықса болғаны.

Жоба идеясының маңыздылығы туралы қоғам қайраткері Байғали Есеналиев былай дейді: «Бұл сериал - отандық кинемотографтың даму жүйесінің бір кезеңі деуге болады.Қазақ киносын джамытуға кішкентай болса да өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Актерлермен бірден тіл табысып кеттік. Біз мұнда қаламақы немесе атақ үшін жүрген жоқпыз, біздің мақсатымыз сериалдың идеясын көрерменге жеткізу.

Актер Әуез есімді кейіпкерді ойнайды. Ол да кез келген адам секілді өмірлік қиындықтарға тап болады, өз өз күшімен қиындықтарды жеңуге тырысады. Қиын жағдайларға қарамастан Әуез адамгершілік пен арын сақтап қалуға тырысады.

Актер Марат Сәрсенбаев қызық персонаж Артурдың рөлінде ойнайды.

«Артурдың өмірінде біраз қиындықтар болды, ол талай таяқ жеді, тіпті уланды да, талай рет өлім аузында жатты. Рөлдің өзі күрделі, Артур менің бұған дейінгі рөлдерімнен ерекшеленеді. Бұған дейін мен кәсіпкерлерді, жағымсыз кейіпкерлерді, шенеуніктерді, милиционерлерді ойнаған болатынмын. Ол тірі кейіпкер: жылайды, күледі, әр минуттағы сәттіліктерге қуанады, кейде тіпті көрерменді жылатады.Өзіме сериал, кейіпкерлер, түсірілім тобы ұнайды. Алаңда әрдайым достық атмосфера тұрады», - дейді актер.

Айта кету керек, басқа жобалармен уақытының тығыздығына қарамастан Марат Сәрсенбаев түсірілімге қуана-қуана келеді. Қазіргі кезде актер ресейдің «Ералаш» жобасы секілді «Кинокио» балалар студиясымен жұмыс ітеуде.

Актерлердің айтуынша, түсірілім тобы өте тату және олармен жұмыс әстеуден ләззат аласың.

«Түсірілім тобы актерлер мен көрермендерге өте жақсы қарайды. Бұл жобада нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейді», - дейді Гүлшарат Жұбаева.

«Олар үшінші маусымда күте ме?» деген сұраққа актерлер: «Егер шақырса, қуана-қуана келеміз» деп жауап берді.

 

Тақырып бойынша:

«Іңкәр жүрек 2»:жаңа кедергілер

«Іңкәр жүрек» фильмінен фоторепортаж

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса