«Хабарда» «Тергеушілер» хикаясының көрсетілімі басталды
«Хабар» телеарнасында «Тергеушілер» детективті хикаясының көрсетілімі басталды. Көпсериялы фильм «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Adam Media Plus павильондарында түсірілді.
«Тергеушілер» хикаясының кейіпкерлері тәжірибелі бестіктен құралған - майор Камшат, капитан Ермек, бұзақы Гаухар және жедел қызметкерлер Нұрлан мен Асқар.топ жұмбаққа толы қатігез қылмыстарды тергеумен айналысады. Фильм негізіне шынайы оқиғалар арқау болған.
«Тергеушілер» хикаясының түсірілімінен сурет
Тергеушілерді Гүлшарат Жұбаева («Іңкәр жүрек»), Гүлбахрам Байбосынова («Мезет, немесе қарапайым өмір»), Азамат Шарғын, Ниязбек Шайсұлтанов («Қазақ хандығы. Алмас қылыш») және Ербол Садырбаев («Абзал жан») сомдады.
Картина режиссері - Антон Митнев, қоюшы-операторы - Максим Задарновский. Жобаны түсіруге қоюшы-суретшілер Қайыртас Хамза және Мұхтар Мырзакеев атсалысты.
«Тергеушілер» хикаясы сағат 19:30-да сейсенбіден бейсенбіге дейін көрсетіледі. Көрермендерді барлығы 16 бөлім күтіп тұр.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
10 желтоқсан 2017, 01:46Впрочем, самое то, что можно увидеть из жизни, но это будет уроком и пользой. Так что я посмотрю и буду смотреть. Всё же Патруль смотрят. Так и это оценят. Так что молодцы