«Тергеушілер» хикаясының түсірілімі аяқталды
Режиссер Антон Митнев «Тергеушілер» детективті хикаяның соңғы көріністерін түсіріп болды. Көпсериялы драманың түсірілімі 9 шілде күні басталып, «Adam Media Plus» кинокомпаниясының павильондарында өтті. Хикая «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілді.
Тергеушілер» телефильмі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиын жұмысы жайында баяндайды. Аға тергеуші Кәмшат Мырзабекқызы әріптестерімен бірге жұмбақ әрі қауіпті өлімдерді зерттейді. Көрермендер тергеушілер образында Гүлшарат Жұбаева, Гүлбахрам Байбосынова, Азамат Шарғын, Ниязбек Шайсұлтанов және Ербол Садырбаев сынды актерларды көре алады.
«Тергеушілер» хикаясының түсірілімінен сурет
Картина түсіріліміне бір ай бойы қоюшы-оператор Максим Задарновский («Келін де адам баласы»), дыбыс режиссері Зураб Курманбаев («Бастық боламын»), қоюшы-суретші Қайыртас Хамза және Мұхтар Мырзакеев атсалысты.
Режиссер Антон Митневтің айтуынша, көрермендерге ұзақтығы 25 минуттан құралған 16 бөлім ұсынылады. Сондай-ақ, ол хикая көрсетіліміне 30 жасқа дейінгі аудиторияны қамтығысы келетінін айтты.
Детективті оқиғаның тұсаукесері биылғы жылдың қазан айына жоспарланып отыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін