È

«Қазақфильмде» «Шыңырау» фильмі дыбысталды

«Қазақфильмде» «Шыңырау» фильмі дыбысталды. Қазақстан киносы

Режиссер Жаңабек Жетіруов «Шыңырау» көркем фильмінің жұмыстарын аяқтады. Авторлар кинотаспаның соңғы монтажына кіріспес бұрын, дыбыстауды жасады. Ең алдымен басты рөлді сомдаушы Асылхан Төлеповтің дауысын жазды.

«Кейіпкерді дыбыстау оңай жұмыс емес. Студияда кейіпкердің көңіл-күйін дәлме-дәл жеткізу, қажетті дауыс ырғағын беру қиындау. Өйткені, түсірілім алаңында барлығы табиғи түрде шығады, қажетті атмосфера бар. Бұрын мен анимациялық және қысқаметражды фильмдерді дыбыстаған едім. Алайда, шетелдік таспалардың дубляжына қатысып көрмедім. Негізі, ұсыныстар түскен, бірақ уақыт тығыздығына байланысты бас тарттым»,-дейді актер.

Дыбыстаудың режиссері - Айхан Чатаева, ал редакторы - Нұрлан Қами.

«Шыңырау» фильмі – құдық қазушы Еңсеп (Алдабек Шалбаев) пен ұлы Жомарт (Асылхан Төлепов) туралы баяндайтын драма. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас күрделене түседі, Еңсеп жұмыс тіралы ғана ойласа, Жомарт сүйіктісімен бір болуды армандайды. Көрермендерге кейіпкерлердің өмірі арқылы махаббат, қызғаныш, сатқындық, алдау секілді жағымсыз адами қасиеттер көрсетіледі.

Картина түсірілімі сәуірде басталып, Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында өткен болатын.

«Шыңырау» таспасы биылғы жылдың соңына таман жарыққа шықпақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер