È

«Қазақфильмде» сценарийлер байқауы басталды

«Қазақфильмде» сценарийлер байқауы басталды

«Қазақфильм» киностудиясы «Дебют» ШӨБ-мен бірігіп, қысқаметражды фильмдерге арналған сценарийлер байқауын жариялады. Өтініштерді 2018 жылдың 7 ақпанынан 7 мамырына дейін жіберуге болады.

Байқауға кәсіби кинематографиялық немесе соған жақын білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады. Көлемі 5-тен 20 бетке дейінгі қазақ және орыс тілінде жазылған сценарийлер қарастырылады. Өтінішпен қоса, қысқаша түсініктеме және синопсис (3000-4000 белгі) бере кету қажет.

Байқауға қатысатын жұмыстарда зорлық-зомбылық, ұлтаралық, діни әрі этникалық қақтығыстарды тудыратын көріністер болмауы шарт. Ал жанрға қойылатын шектеу жоқ.

Еске сала кетсек, 2017 жылғы байқау қорытындысы бойынша, келесі 5 қысқаметражды картинаның сценарийі жүзеге асырылатын болды: Венера Қайыржанованың «Тығылмағы», Арман Баймұратовтың «Тақиясы», Берік Жахановтың «Кешірімі», Ардақ Жылысбаевтың «Жұт» картинасы және Ален Рахметалиевтің «Шыдамдылық» фильмі.

Қажетті мәліметтерді debut@kazakhfilmstudios.kz электронды мекен-жайына жолдау керек.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер