È

Наурызда «Үйленгендер» хикаясының арнайы топтамасы шығады

Наурызда «Үйленгендер» хикаясының арнайы бөлімі шығады

Наурыз мейрамында «31» телеарна көрермендерге «Үйленгендер» хикаясының арнайы бөлімін ұсынады. Ситкомның жаңа бөлімдері 19-наурыздан бастап, 23-наурызға дейін көрсетіледі.

«Үйленгендер» хикаясы – 2017 жылдың ақпанында эфирге шыққан ситуациялық комедия. Сюжеті қиын жағдайларға тап болса да, мойымайтын төрт дос жайлы. Тапқырлық, сәттілік пен мызғымас достықтың арқасында кейіпкерлер мәселені шешудің ерекше жолдарын табады.

Жобаның продюсерлері - Сәбит Рахымбаев пен Дәуіт Шайхысламов. Мерекелік шығарылымның режиссері Сәбит Рахымбаев болды. Бірақ, сценарист толық метрдің қоюшысы ретінде дебют жасауға асығар емес.

«Режиссура саласында бағымды көптен бері сынап көргім келген. Бірақ, режиссерлік қызметті атқарған соң, мұның қиын екенін түсіндім. Мен үнемі қоюшылардың жанында жүремін, оларға ақыл айтып, пікіріммен бөлісемін. Сырт көзге түсірілім барысын бақылау оңай сияқты болып көрінеді. Ал бұл жерде режиссер ретінде бар жауапкершілікті өзім сезініп көрдім. Ең қиыны –камера арқылы көрермендерді расында да өмірде осындай кейіпкерлердің барына сендіру. Сондықтан, толық метр режиссері болуға асықпаймын. Маған әлі де мол тәжірибе мен арнайы білім қажет», - деді Рахымбаев.

Айта кету керек, алдағы жазда «Көлемді сегіздік» тобы мен «31» арна «Үйленгендердің» толықметражды нұсқасының түсіріліміне кіріспек.

Мерекелік бөлімдердің көрсетілу уақыты - 18:00. Көрермендерге барлығы 5 бөлім ұсынылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист