«Астана» телеарнасында «Жібек 2» сериалы
«Астана» телеарнасында «Жібек» сериалының жалғасы көрсетіледі. Екінші маусым тартымды әрі қызықты болмақ.
Сюжет бойынша Жібек отбасын құрады. Ол отбасының бақыты үшіни күреседі. Оның дұшпандары отбасын бұзып, бақытынан айыру үшін бәрін жасайды. қиындықтарға қарсы тұруға жібектің төзімі жете ме, мұны көрермендер жақында біле алады.
«Жібек» сериалының екінші маусымына Айым Сейтметова («Мажоры»), Әбілмансұр Серіков («Небо моего детства»), Меруерт Түсіпбаева («Құстар әні»), Әділжан Шомбалов («Патруль»), Жәния Қалиева («Өгей жүрек»), Дидар Каден («Шлагбаум») және басқалар қатысады.

Телевизиялық драманы түсіруге екі режиссер Айдын Сахаман және Нұрғиса Әлмурат бастаған шығармашылық топ жұмыс істеді, операторы Айвар Қыдырбаев. Жобаның продюсері Шолпан Батырбаева. «Жібек 2» сериалымен Satti media partners айналысты.
20-сериялы фильм «Астана» телеарнасында желтоқсан айының соңында көрсетіле бастайды.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін