È

«Цезарь» кинотеатрында ресейлік кино апталығы

 «Цезарь» кинотеатрында ресейлік кино апталығы

18-24 қараша аралығында «Цезарь» кинотеатрында Ресей киносының апталығы өтеді. Іс-шараны РФ Мәдениет министрлігі Ресей кинемотографы жылының аясында ұйымдастырып отыр.

ұйымдастырушылар қазақстандықт арды жас режиссерлердің жұмыстарымен таныстырмақ. Кинокартиналарды ұсынатындар: Ренат Давлетьяров, Артем Темников, Дмитрий Богданов, Стася Милославская. Әр көрсетілімнің алдында Гоша Куценко, Юрий Быкова және Константина Хабенский видеожолдама жасайды.

Көрермендер барлығы 8 кинолентаны тамашалай алады.

Ресей киносының күндерін Эдуард Бордуковтың «Коробка» (2015) фильмі ашады. Көше футболисті Костя кәсіби ойыншымен кездесіп қалады. Сөзден сөз шығып екеуі де ешқандай компромиссіз спорт жарысына түсуге келіседі. Костя өзіне қымбат дүниелердің бәрін: ойын алаңын, махаббатын, достығын жарыс жолына тігеді.

«Коробка» фильмінен кадр

Режиссер Роман Каримовтың «Черная вода» (2015) фильмі көрерменге мистикаға толы оқиғаны баяндайды. Үш дос үлкендердің сөзіне құлақ аспай ескі қайықты өңдеуге кіріседі. Аңыз бойынша қайық қарғысқа ұшыраған, онда жұмбақ жағдайда балалар қайтыс болған.

Режиссер Александр Тютрюмовтың «Искушение» (2016) фильмі мынандай дараманы ұсынады, картина кейіпкерлері миллион доллар мен адам өмірінің арасында таңдау жасауы тиіс.

«Врач» (2016) - Гоша Куценконың фильмі. Бас кейіпкер - нейрохирург. Ол күнде адам өліміне куә болады. Бірақ ол бір-ақ нәрседен қорқады - мән жоқ, қозғалыссыз, қимылсыз өмір сүруден қорқады.

«Коллектор» (2016) фильмінде бас кейіпкер Артур борышкерлермен жұмыс істейді. Өзінің виртуозды психологиялық шабуылымен ол борышкерлерді қарызын төлеуге мәжбүрлейді. Бірақ көп ұзамай Артурдың өзі нысанға айналады. Өзін жолдан тайдырғысы келетін адамның кім екенін білуге оның 24 сағаты ғана бар.

«Коллектор» фильмінен кадр

«No comment» (2014) - драма, бас кейіпкер махаббаты үшін өзінің өткен өмірінен бас тартады. оның аты енді Хамза.

«Дурак» (2014) - Юрий Быковтың драмасы. 800 тұрғыны бар үй қираудың аз алдында. Алайда жергілікті билік тұрғындарға бұл туралы айтуға асығар емес. Қарапайым сантехник шенеуніктерге апатты жағдайды жеткізе ала ма?

Ресей кино апталығын қорытындылайтын Ренат Давлетьяровтың «Чистое искусство» фильмі. Саша - әдемі жас қыз. ол адам өліміне кездейсоқ куә болғанға дейін өмірі бір қалыпты өтіп жатқан еді. Енді өмірі жұмбақ пен құпияға толы.

Кіру билет арқылы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер