È

«Ninety One» отандық айналымның үздік үштігіне енді

24-27 тамыз аралығындағы кассалық жинақ

Жаздың соңғы аптасы көрермендерге «Раушандар әлемі» картинасы арқылы ортағасырлық Голландияның хикаясына көз жүгіртуге және «Көңілді балақай» атыс-шабыс фильмі арқылы қылмыс әлемі туралы білуге мүмкіндік берді. Өткен апта Q-pop жанкүйерлері үшін ерекше болды: айналымға «Ninety One» тобына арналған отандық фильм шықты. Айналымның жаңалықтары қандай кассаға ие болғандығын әрі қарай оқып, біле аласыздар.

Отандық айналымда «Киллердің оққағары» әлі де үздіктердің қатарында. Атыс-шабыс фильмі 198 432 250 теңге жинады. Картина Сэмюэл Лерой Джексон үшін Райан Рейнольдспен бірігіп жасаған екінші жұмысы болды. 2013 жылы екеуі бірге «Турбо» мультфильмінің кейіпкерлерін дыбыстаған еді. «Киллердің оққағары» фильмінде Джексон Гари Олдманмен алғаш рет түсіп отырған жоқ. Қос актер 1993 жылы «Нағыз махаббат» фильмінің түсірілім алаңында және 2014 жылы «РобоКоптың» түсірілімінде кездескен.

«Көңілді балақай» фильмі 110 159 200 теңге жинады. Фильм режиссері – британ кинематографшысы Эдгар Райт. Ол «Скотт Пилигрим барлығына қарсы» және «Армагеддец» сынды фантастикалық картиналарды түсірген. Айта кету керек, «Көңілді балақай» фильмі Райттың штатта түсірілген алғашқы жобасы. Алдыңғы жұмыстары Англия мен Канадада түсірілген еді.

«Киллердің оққағары» фильмінен көрініс

Үздік үштікті «Ninety One» өмірбаяндық таспасы аяқтайды. Фильм тұсаукесерлі демалыста 32 672 000 теңге жинаған. Картинадағы басты рөлдерді Ninety One бойз-бэндінің солистері ойнады. Жігіттер бір ай бойы Ольга Ландинадан актерлік сабақ алып жүрді. Драма сценарийін Асқар Ұзабаев пен Сергей Литовченко жазды, Асқар сондай-ақ жобаның режиссері атанды. Картина тұсаукесері 24 тамызда болған.

«Эмоджи фильм» мультипликациясы өз жинағын 48 459 900 теңгеге арттырды. Картина ТиДжей Миллер үшін бесінші анимациялық жоба болды. Актердің дауысымен «Айдаһарды қалай үйретуге болады», «Айдаһарды қалай үйретуге болады 2», «Батырлар қаласы» және «Тозаққа және кері қарай» фильмдерінің кейіпкерлері сөйледі. Анна Фэрис үшін «Эмоджи фильм» - үшінші анимация. Алдыңғы екеуі – «Бұлтты күн, фрикаделька түрінде жауын жаууы мүмкін» және «Бұлтты күн, фрикаделька түрінде жауын жаууы мүмкін 2: ГМӨ кегі».

«Эмоджи фильм» фильмінен көрініс

«Аннабель қарғысы: Зұлымдықтың пайда болуы» қорқынышты фильмі 17 399 450 теңге жинады. Жоба - Алисия Вела-Бэйлидің Дэвид Сандбергпен бірге жасаған екінші жұмысы. Бұрын актриса оның «Жарық сөніп барады» картинасына түскен еді. Айта кету керек, актриса хоррорларла бірінші рет ойнап жүрген жоқ. 2011 жылы Алисия «Хостел 3» картинасына, ал 2013 жылы «Ақырғы түн» туындысына түскен.

«Раушандар әлемі» тарихи драмасының алғашқы жинағы 12 051 500 теңгені құрады. Фильм Джастин Чадвиктің кинотеатралды айналымға шыққан төртінші режиссерлік жұмысы. Бұрынғы картиналары – «Бостандыққа бағытталған ұзақ жол», «Болейн тегінен шыққан тағы біреу» және «Тұңғыш жол салушы». «Раушандар әлемі» негізіне Дебора Моггактың аттас романы арқау болған.

«Валериан және мың ғаламшар шаһары» кинофантастикасы айналымның үшінші аптасында 40 865 900 теңге көлемінде пайда тапты. Фильмдегі арнайы эффектілермен Weta Digital мен Industrial Light & Magic студиялары айналысты. Екі компания «Ван Хельсинг», «Эрагон» және «Аватар» кинотаспаларының түсіріліміне атсалысқан. «Валериан және мың ғаламшар қаласы» картинасындағы пайдаланылған эффектілер саны 2734-ке тең. Фильмнің жалпы кассасы 145 547 923 теңгені құрайды.

«Ол түнде келеді» фильмінен көрініс

«Ол түнде келеді» детективті триллері қазақстандықтарға аса ұнай қоймады. Фильм бар-жоғы 5 468 250 теңге жинады. Кинотаспа режиссер Трей Эдвард Шульцтің екінші толық метрі болып табылады. Оның дебютті жұмысы - «Криша» драмасы (2015). Шульц «Ол түнде келеді» картинасын 2016 жылы Нью-Йорк штатында, Вудстокта түсірген.

5 миллионнан төмен касса жинаған фильмдер: «Қара мұнара» - 4 374 900 теңге, «Желді өзен» - 4 333 600 теңге, «Екеуге арналған күйеу» - 2 228 800 теңге және «Жеңіл жүрісті апа» - 3 149 300 теңге.

Өткен аптада жеңіліс тапқандардың қатарында келесі картиналар бар: «Қара мұнара» - 902 367 теңге (жалпы жинағы - 102 380 527 теңге) және «Тұңғиықта: Аман қалу хроникасы» - 273 300 теңге (жалпы жинағы - 3 220 800 теңге).

 

* Материал «Меломан-Кинопрокат» компаниясының және Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі қосылған

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса