È

Nomad Stunts Қазақстандағы Қызыл Жарты ай ұйымын қолдау мақсатында ат жарысын ұйымдастырмақ

Nomad Stunts Қазақстандағы Қызыл Жарты ай ұйымын қолдау мақсатында ат жарысын ұйымдастырмақ

9 шілде күні «Nomad Stunts» каскадерлік тобы «Action for Red» атты жаңа ат жарысын ұсынбақ. Көрініс Қазақстандағы Қызыл Жарты ай ұйымын қолдау мақсатында ұйымдастырлып отыр. Шара ұйымдастырушылары – «Nomad Stunts» тобының жетекшісі Жайдарбек Күнгіжінов және Қазақстан Қызыл Жарты ай ұйымы.

Отандық каскадерлар «аударыспақ», «қыз қуу», ат үстінде отырып садақ ату, ат үстінде отырып қарумен тез шауып өту, найза мен қылыш айналдыру секілді акробатты трюктерін көрсетеді. Сонымен қатар, көрермендерге 15 түрлі трюктер кіретін шабандоздық пен үлкен сахнадағы аттар шайқасы ұсынылады.

Аттың үстінде отырып қауіпті трюкті «Nomad Stunts» тобының құрамындағы актер Жандос Айбасов та орындайды. Ол көрермендерге «Кенже», «Жігіт пен қыз», «Аудандар» фильмдері арқылы таныс.

Суреттер Google.kz іздеу жүйесінен алынды

Nomad Stunts – 2000 жылы құрылған кәсіби каскадерлік топ. Сол жылдардан бері топ көптеген отандық әрі шетелдік кинокартиналармен жұмыс істеп үлгерді. Олардың ішінде «47 рониндер», «Марко Поло», «Ер тұғрыл», «Жаужүрек мың бала», «Кенже», «Шал», «Тобол», «Викинг» сынды картиналар бар. топтың негізін қалаушы әрі жетекшісі – елімізге Еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі, трюктерді қоюшы және каскадер Жайдарбек Күнгіжінов.

Ат көрінісі Алматы ипподромында сағат 11:00-де болады. Билеттерді ипподромның кассаларынан ала аласыздар.

Шоудан түскен қаражат Қызыл Жарты ай ұйымын қолдауға жұмсалады.

 

Превью: Николай Постников

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер