È

Нұрлан Қоянбаев Африкада фильм түсіріп жатыр

Нұрлан Қоянбаев Африкада фильм түсіріп жатыр

Жаздың соңғы күндерін Нұрлан Қоянбаев шығыс-африка елі Кенияның Найроби қаласында өткізіп жүр. Продюсер экваторға демалуға емес, «Қазақша кәсіп» комедиясының жалғасын түсіруге кеткен болатын.

«Қазақша кәсіп» жобасы кәсіпкер Жомарттың хикаяларын баяндайды. Кішігірім қонақ үйі бар ер азамат өз ісінде барынша табысқа жетуге тырысады. Алдыңғы бөлімдерде Жомарт шетелдік инвесторды өзіне тартып, тіпті қонақ үйін халықаралық деңгейге жеткізу үшін Америкаға аттанған болатын. Ал жаңа бөлімде кейіпкерді не күтеді, ол жағы әзірге белгісіз. Дегенмен, оның күлкілі әрі қызық болатыны сөзсіз.

Нұрлан Қоянбаевпен бірге Кенияға актерлар Жан Байжанбаев пен Рамазан Амантай, сондай-ақ қоюшы-режиссер Анвар Матжанов, қоюшы-оператор Азамат Дулатов және қосалқы сценарий авторы Сәбит Рахымбаев аттанды. Екінші қатардағы кейіпкерлерді және эпизодтарды кениялық актерлар ойнайды.

Еске салсақ, қазақстандық фильмнің түсірілімі Дубайда да өтеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер