Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақ Елі» фильмі көрсетілді
Таяуда Мемелкет басышысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ Елі» («Казахское ханство») фильмінің алдын ала көрсетілімін тамашалады. Елбасымен бірге картинаны Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Саңғынтаев, вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек те көрді.
Көпсериалы телефильм «Қазақфильм» киностудиясының базасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігнің тапсырысымен түсірлді. Идея авторы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазақ Елі» киноэпопеясы қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романының бірінші кітабының негізінде түсірілген. Фильмдегі оқиға XV ғасырды, қазақ хандығының құрылу кезеңін қамтиды және алғаш хандықты құрған Керей мен Жәнібек жайлы баяндайды.
Фильмді жарыққа шығаруға еңбек еткендер режиссер Рүстем Әбдрашев және сценаристер Смағұл Елубаев пен Тимур Жақсыбеков. Басты кейіпкерлерді Қайрат Кемалов - Керейді, Еркебұлан Дайыров - Жәнібекті ойнады.

Түсірілім барысы екі жылға созылды. Арасында жобаның қаржыландыруына байланысты үзілістер де болды. Нәтижесінде картина халықтың ақшасының арқасында аяқталды. Краудфандинг арқылы жиналған қаржы көлемі 101 295 920 теңге.
Тарихи ленты отандық прокатқа 2016 жылдың 16 желтоқсанында шығады.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін