È

Нұртас Адамбай: «Ешқандай актриса дәл мендей қызықты ойнай алмас еді»

Нұртас Адамбай: «Ешқандай актриса дәл мендей қызықты ойнай алмас еді»

Алматыда Нұртас Адамбайдың «Құдалар» комедиясының түсірілімі жалғасуда. Сюжетте балаларының тойына дайындалып жатқан құдалар жайлы баяндалады. Қалыңдықтың анасының рөлінде көрермендер Нұртас Адамбайды көре алады.

Бұл кинематографшының алғашқы әйел бейнесі емес. Бұған дейін ол өзінің талантын «Біздің KZ» скетчкомында танытып, одан кейін «KZландияда» Сабина келіннің рөлін жақсы сомдап шыққан болатын.

«Мойындаймын, Жаннеттің рөліне актриса аламын деп ойладым. Бірақ, бұл біртүрлі естілгенімен, ешқандай актриса дәл мендей қызықты ойнай алмас еді. Мен әйелдің рөлін сомдау арқылы еркектердің әйелдер жайлы не ойлайтынын көрсете аламын. Біз мұны «Сәбина келін» фильмінде іске асыра алдық және мұнда да жүзеге асырамыз. Сценарийді былтырғы жылы жаза бастадым. Оған үш ай уақыт кетті. Мен бөліктерге баса назар аудардым. Тақырыптың өзі көп нәрсені айқындайды, сондықтан қателік жіберуге болмайды. Әзірге, түсірілім жоспар бойынша өтіп жатыр», - деді Нұртас Адамбай.

Жас жұбайларды Динара Бақтыбаева мен Олжас Рымбаев сомдады, ал олардың ата-аналарын Жан Ізбасар, Райхан Қалиолдина және Дархан Дайырбек ойнады.

Еске сала кетейік, бұл Нұртас Адамбайдың өзі түсіп, өзі режиссерлік еткен алтыншы жобасы. «Құдалар» фильмі де оның алдыңғы жұмыстары секілді, отбасымен бірге көруге арналған.

«Бәрінен бұрын, бұл отбасылық фильм. Фильм салт-дәстүрлерге, қалалық және ауылдық тұрғындардың қарсылығына және әйелдің айтқанымен жүретін ерлерге көбірек назар аудартады. Бірақ, мұның барлығы әзілмен беріледі. Құдалар тақырыбының өзі қазақстандықтар үшін жақын әрі ыстық. Көрермендер бұл жолы да «Сәбина келін» фильміндегідей, кейбір нақыл сөздер мен сөздер тізбегін жаттап алады деп ойлаймын», - деп қоса кетті режиссер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер