«Аңшы-қылмыскер»: батылдық тереңде
Lionsgate студиясы режиссер Донован Марштың («Малек») «Аңшы-қылмыскер» триллерінің жаңа ролигін ұсынды. Джерард Батлер («Ұрыларды ұстау», «Геодауыл») және Гэри Олдман («Тау», «Күңгірт кезеңдер») су астындағы кемеде орыстарға қарсы шайқасады, мұның шынайы өмірден алыс көркем шығарма ретінде қалатынына үміттенгің келеді. «Аңшы- қылмыскер» жобасы АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің отставкадағы офицері Джордж Уоллес пен оның көмекші авторы Дон Киттің «Отты нүкте» кітабының негізінде құрылған.
«Аңшы- қылмыскердің» сюжеті бойынша оңбаған орыс генерал сатқын болып шығып, Ресей президентін тұтқынға алады. Осы кезде АҚШ пен Ресейдің арасында су асты кемелерінің жаңа әулеті пайда болды. «Аңшы- қылмыскер» - бұл ядерлі оқтұмсықтарды таситын жаңа субмарин тобының атауы. Бұл су асты қайығы Ресей президентін ұрлап әкетуден сақтауы тиіс. Аса тәжірибесі жоқ су асты қайығының американдық капитаны (Джерард Батлер) «теңіз мысықтары» бөлімшелерімен бірге құтқару бұйрығын орындауы қажет. Американдықтар мен орыстар халықаралық апатты болдырмау үшін серіктестік орнатуға мәжбүр болады.
«Аңшы- қылмыскер» триллері 2018 жылдың 25 қазанынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін