È

Олжас Ахметов «Бөлінбейтін» дебютті фильмін 93 мың долларға түсірді

Олжас Ахметов «Бөлінбейтін» дебютті фильмін 93 мың долларға түсірді

Режиссер Олжас Ахметов «Бөлінбейтін» дебютті фильмін таныстырды. Жас режиссер, «Сталкер» киномектебінің түлегі жобасына Берік Айтжанов, Әзиз Бейшеналиев, Асан Мәжит, Шыңғыс Қапин, Нұржан Садыбеков, Ерден Телемісов және Алексей Шемес сынды танымал актерларды түсірген.

«Бөлінбейтін» - драма элементтері бар қылмыстық комедия. Барлық оқиға бір ғимаратта болады. Белгісіз үшеу инкассатор көлігін тонап кетеді. Қылмыскерлер қашып жүріп, әрмен қарайғы жоспарларын ойластыру үшін жолдағы бір дәмханаға кіреді. Кейіннен, кейіпкерлер ұсталып қалғандарын түсінеді. Не істеу керек: ату керек пе әлде келісуге бола ма?

Олжас Ахметов. Фото: five.kz

«Сценариймен айналысып жатқанда фильмнен ең алдымен Ерден Телемісов пен Әзиз Бейшеналиевті елестеттім. Бұл менің дебютті жұмысым болғандықтан, кәсіби актерлармен байланыс орнатуды көздедім. Ұсыныс білдіргендердің барлығы келісе кетті. Қазір, түсірілім алаңында бір сиқырдың болғандығын сезініп жүрмін. Егер бір мәселе туындай қалса, бірден шешімі де табыла кететін. Сенесіз бе, жоқ па, бірақ ешқандай көріністі қиған жоқпыз. Артық кеткен ешқандай жерлері де болған жоқ. Түсірілгенннің барлығы фильмге енді»,- деді Олжас Ахметов.

Картина идеясы режиссердің өзіне тиесілі, ал сценарийін Дарын Тоқтаров жазды. Ол фильмнің негізгі ойын айтып берді.

«Әр адамда кемшіліктер болады. Фильм кейіпкерлері – өзіміз. Киноны тамашалаған көрермен кейіпкерлерден өздерін, достарын немесе таныстарын көре алады. Біз заманауи тілмен тек жақсы немесе жаман адамның болатыны-болмайтыны туралы хикаяны баяндауға тырыстық. Кейде жақсы адамдар жаман іске, ал жамандар жақсы іске барып жатады»,- деп түсіндірді сценарист.

Дарын Тоқтаров пен актер Мұрат Мұқашев. Фото: five.kz

Картинаны екі апта ішінде түсірдік. Негізгі түсірілім Алматыдан шыға берістегі жолда орналасқан дәмханада өтті. Бір қызығы, түсірілім кезіндегі декорациялардың дәмхана иелеріне ұнағаны соншалық, олар кейін соларды қалдыруды ұйғарған.

Олжас Ахметов әріптестеріне қарағанда, фильм бюджетін өзі жайып салды. Белгілі болғандай, продакшнға 67 мың доллардай жұмсалған. Пост-продакшн мен жарнама кампаниясын қоса есептегенде, Олжас «Бөлінбейтін» фильміне 93 мың доллар жұмсаған.

«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясы 14 желтоқсан күні айналымға шығады.

 

Превью: five.kz

Фотограф: Юрий Выблов

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер