È

«Құдалар» комедиясының кинотеатрлы постері жарияланды

«Құдалар» комедиясының кинотеатрлы постері жарияланды

Продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбай «Құдалар» атты жаңа фильмінің постерін ұсынды. Отбасылық комедия үлкен экранға 2018 жылдың 27 желтоқсанында шығады.

Афишада картинадағы басты рөлді сомдаушылар бейнеленген: Динара Бақтыбаева, Олжас Рымбаев, Дархан Дайырбек, Жан Ізбасар, Райхан Қалиолдина және әйел образында Нұртастың өзі.

Сюжетте отбасы болуды ұйғарған Данияр мен Диана суреттеледі. Бірақ, олардың алдында бір мақсат бар – некелеріне қарсы болған ата-аналарын табыстыру. Диананың анасы Шымкенттік күйеу баланы ұнатпайды, ал күйеу баланың анасы Райхан «жақсы келін – шымкенттік келін» деп есептейді, сондықтан Алматылық келінді қабылдағысы келмейді. Жас жұп жақындарының қарсылығына қарамастан, махаббаттарын сақтай ала ма?

Еске салсақ, биылғы қазанда Нұртас «Жеделсаты» психологиялық драмасын таныстырған болатын, картина айналымның алғашқы аптасында 8 139 600 теңге көлемінде пайда тапты.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса