È

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің жарияланған кассалық жинағы толық емес

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің жарияланған кассалық жинағы толық емес

Біз 2018 жылдың 9 қаңтарында жаңа жылдың алғашқы аптасындағы кассалық жинақ туралы мақала жариялаған болатынбыз. Сол ақпарат толық емес болып табылады. Осыған орай, ақпараттың сенімсіз болмауы үшін www.brod.kz сайтында жарияланған «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің 4-7 қаңтар аралығындағы кассалық жинағының нақты емес екендігін айтқымыз келеді.

Жинаққа қатысты нақты ақпарат картина иегерлері Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевқа мәлім, олар бүгінгі таңда дистрибьюторсыз отандық кинематографта бірінші болып айналымға өздері шықты. Сондықтан, кинопродюсерлер Сәдуақасова мен Ұзабаев еліміздің барлық кинотеатрларындағы жинақты өздері жеке бақылап, мониторинг жүргізеді. Олар фильм айналымда көрсетіліп болған соң ғана нақты санын жариялайтын болады.

Еске сала кетсек, отандық комедия экранға 27 желтоқсанда шыққан болатын. Сюжетте Динара мен Жюль, олар бір отбасы болуды армандайды. Бірақ, Динараның туыстары қарсылық білдіріп, француз жігітін оған лайық емес деп санайды. Кейіпкер туыстарын көндіру үшін қазақ жігіттеріне тән кемшілікті көрсетуге тырысады.

Алдыңғы жолы жинаққа қатысты материал Meloman Entertainment, Comscore (Chaplin Cinemas, Star Cinema мен Арсенал кинотеатрлар желісі) және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалған еді. Ол ақпарат қазақстандық киноайналымдағы жинақтың нақты көрсеткіші болып табылмайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер