È

«Көкпар. Мықтылар уақыты» фильмінің постерлері жарияланды

«Көкпар. Мықтылар уақыты» фильмінің постері жарияланды

Актерлар Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова «Көкпар. Мықтылар уақыты» көркем фильмінің постерлерінде пайда болды. Режиссер Руслан Акун («Ананы іздеу») түсірген картина Қазақстан мен Қырғызстан кинотеатрларынан 2018 жылы 20 қыркүйекте көрсетіледі.

«Көкпар. Мықтылар уақыты» фильмі сюжетінде ұлттық көкпар ойынына қатысатын топтың мүшесі Мақсат суреттеледі. Бірнеше рет чемпион атанған жігітті шешуші ойындағы жеңілістен соң құрамнан шығарып жібереді. Мақсат кіші отанына оралып, ауылына қауіп төніп тұрғанын біледі, оны құтқарудың жалғыз жолы – көкпардан өтетін Біріншілік Кубокқа қатысу. Кейіпкер топ құрып, жарысқа барады. Көрермендер ерлік, жігерлілік пен өз ісіне деген махаббаттың куәсі болмақ.

Драмадағы басты рөлдерді Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова сомдады. Таспадағы өзге де кейіпкерлерді Эмиль Эсеналиев, Сұлтан Диқамбаев, Жұма Мамакеев және Назым Меңдібайыров ойнады.

Фильм түсірілімі Қырғызстанның көркем қалаларының бірі - Шолпан атада өткен. Таспа осы жылдың маусым айында түсірілді.

«Көкпар. Мықтылар уақыты» драмасының алғашқы тизерін мына жерден көруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер