È

Есіңде мәңгі қаламын

Есіңде мәңгі қаламын

Адам музыкасыз өмір сүре алмайды. Ағаштардың сыбдыры, тас жолда биік өкшемен жүргендегі тықылдаған дыбыс, қозғалтқыштың гүрілі белгілі бір тональдығы болмаса да, бұлар да өзінше бір музыка. Ал кино алғаш пайда болған кезде мұның да негізі музыка болды. Ең алғашқы дыбыссыз фильмдерде пианистер музыка ойнап, көрерменге экрандағы эмоцияны жеткізуге тырысқан. Дыбысты фильмдер тарихтың жаңа парағын ашты. Қазір киноленталарға тек фондық музыка жазып қана қоймай, әндер де жазылады. Ал сіздер қазақстандық заманауи фильмдерді әрлеген музыкалық компазицияларды білесіздер ме?

Бүгінде «саундтрек» деген сәнді сөзбен кинода ойнайтын кез келген музыкалардың бәрін атай беретін болды. Алайда бір нәрсені түсіну керек, о баста фильмдерде ойнатылған бүтіндей бір альбомдағы әндер жинақталды. Аспаптық компазициялар немесе фондық музыкалар «score» ретінде белгіленді. Шатаспау үшін киноға музыкалық шығармалар жазған компазиторлардың бәрін тізбектемей, отандық киноленталарға ресми саундтрек (OST) болған муызкалық компазицияларға тоқталайық. Коммерциялық жағынан алғанда score емес, OST әндер фильмге көрермен тарта алады. Сондықтан осындай шығармалар көпшілік назарында.Сонымен қазақстандық кинода қандай әндер шырқалады?

«Адель» фильмінен кадр

Хиттардың хиты

Радиоарнада хит болған OST музыкадан бастайық. Мұндай танымалдыққа бірнеше фактор әсер етеді, ал ең бастысы орындаушының есімі.

Ондаған жылдар бойы бүкіл ТМД-ға астаналық «Аномалия» тобы танымал болды. Бұл топ не рок, не поп, қай бағытта жұмыс істеудің өздеріне ыңғайлы екенін анықтай алмаған көрінеді. «Кайрат-чемпион, девственник №1» фильміне жазылған «Влюбляюсь» атты OST олар үшін үлкен сахнаға жолдама болды. Дәл осы компазиция ұжымның халықаралық деңгейде тыңдарманын көбейтуге әсер етті. Қанағат Мустафиннің «Рывок». фильмінің OST әні қазақстандық масштабтағы хит болды. Ал «Дай мяч» компазициясы рэпер Big som-ның төлқұжатына айналды, әлі күнге би кештерінде ойнатылады.

«Кайрат-чемпион, девственник №1» фильмінен кадр

Асқар Бисембиннің «Свадьба на троих» фильміндегі тректің орындаушысының есімі музыаның танымалдығына әсер етті. «Орда» тобының орындауындағы энергияға толы «Алып кет» әні бірден хитқа айналды. Айта кету керек, бұл топтың репертуарында киноға қатысты тағы бір трек, бар. «Ғашықсын ба?» ұзақ уақыт бойы теле және радиоэфирлерден түскен емес, тыңдарманы өте көп болды. Бұл «Запрещенные танцы» фильмінде орындалған ән болатын.

«Замуж в 30» романтикалық комедиясының авторлары да әдемі PR қадам жасады. Фильмдегі негізгі компазиция ретінде осыдан он жыл бұрын әнші Мақпал Исабекова мен Иван Бреусовтың орындауында шыққан «Ноябрь» әнін таңдап алыпты. Бұл жолы әнші арнайы фильм үшін әнді өзі жеке орындады, тіпті бейнеклип те түсіріпті.

«Мюзикола» тобы (Болат Сыздыков мәңгі есімізде!) да OST музыканы орындаушылардың қатарынан. Карина Абдуллина «Мұстафа Шоқай» биаграфиялық картинасында әйелдің басты рөлін ойнады. Топтың орындауындағы «Сен мұңыңды бер маған» әні фильмнің басты музыкасына айналды. Мұнда фильм мен музыканың сапасы тамаша үйлесіп, көрерменге ләззат сыйлады.

«Махаббат тәлкегі» фильмінен кадр

Қазақстандықтар мен ресейліктердің бірлесіп түсірген «Махаббат тәлкегі» картинасындағы ресейлік «Princessa Avenue» тобы орындаған трек те хиттардың хатарында. «Останусь» деп аталатын жүрек тебірентерлік әні жауапсыз махаббатты бастан өткергендердің жүрегіне жетті. ТМД елдерінің барлығы дерлік сапалы муызкалық шығарманы тыңдады.

Қазір Канағат Мұстафиннің «16 қыз» кинолентасының OST музыкасын еске түсіруге болады. Фильмге көрерменнің назарын аударту үшін «Дос Мұқасан» ансамблінің орындауындағы «16 қыз» әнінің рэмиксін жасапты. Әнді орындайтын белгілі әнші Қайрат Нұртас. Идея авторлары өздерінің мақсаттарына жетті. Бейклиптің жаңа нұсқасын YouTube-та 89 000 адам көрген, фильм прокатта да жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ кезінде халық әніне айналып кеткен ән өзінің сүйкімділігін жоғалтып алған секілді, ол көп той әндерінің біріне айналып шыға келді.

тас «Препод» фильмінен кадр

Ал енді назар салыңыздар. Сіздер қазақстандық режиссер Виктор Вилкстің «Препод» фильмінің бар екенін білесіздер ме? Көпшілік біле бермейді. Киноны ғаламтордан еркін көруге болады. Фильм өте қызық әрі сапалы. Біз фильмі білмесек те, Батырхан Шүкеновтың орындауындағы «Так далеко, так близко» әнін бәріміз жатқа білеміз. Бұл ән әртіс өмірден өткен соң гимнге айналып кетті. Осы ән мен фильмді OST бір-бірімен тығыз байланыстырады.

Алдымен фильм, одан кейін музыка

Басқа қырынан қарап көрейік, OST ән фильмнің танымалдығына тәуелді болғанда.

Ең сәтті шыққан комедиялардың бірі Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабина» фильмнің арқасында бірден екі трек танымалдыққа ие болды. «ФОРМАТ» тобы мен Қайрат Биекеновтың орындауындағы «Махаббат» деген көңілді әніне фильмнің екінші бөлімі шыққанша қазақстандықтар екі жыл бойы биледі. Көрермен фильмде шырқалған Ғалымжан Молданазаровтың орындауындағы «Ұмытшы менi тез» деген сезімге толы әнді де жылы қабылдады. Бұл компазицияның тарихы өте қызық. Миллиондаған адамдар бұл әнді «Келинка Сабина» комедиясының саундтрегі деп ойлайды, алайда бұл әні «Вузеры» сериалының үшінші бөлімінің OST музыкасы.

«Келинка Сабина» фильмінен кадр

Қазақстандық әнші Марсель «Побег из аула: Операция Махаббат» фильмі шыққанға дейін аса танымал болған жоқ. Жоғарыда аталған фильмде ол «Бұл өмірде» әнін орындады. Бүгінде бұл фильм туралы көп айтылады, ән де халық арасында жақсы танылды. ҚР киносыншылар ассоциациясының "Сыншылар таңдауы" 2015 жылдың үздік әні ретінде «Бұл өмірде» әнін таңдап алды.

Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмі қазақстандық прокатта өте сәтті фильмдердің бірі болды. Сондықтан да болар кинолентаның негізгі саундтрегі «Metis`s» тобының орындауындағы «Без сна» әні қазақстандықтардың ұзақ уақыт жадынан шыққан емес. Әр көрерменнің көңілінен шыққан оқиғаға байланысты бұл ән көпшіліктің есінде қалды. Осы топтың орындауындағы тағы бір компазиция Егор Кончаловскийдің «Астана - жүрегім менің» фильмінде шырқалды. «Metis`s» тобы басқа амплуада ән шырқауға жүрексінбеді. Өйткені фильм арқылы әннің тыңдаушылары артады.

«Адель» фильмінде Дильназ Ахмадиеваның орындауындағы «Остаюсь» OST әніне тоқталайық. Трек фильмнің өзінен де сәттірек шыққан секілді. Ән өте әдемі, өзіне көп назар аудартты. «Domino» тобының «My love» әні бізге таныс па? Ал бұл . «Моя чужая» фильмінің OST музыкасы. Фильм әзірге хитқа айнала қойған жоқ, сондықтан ән де өзінің жұлдызды сәтін күтуде.

«Жол» фильмінен кадр

«СуперТой» картинасының трекінің оқиғасы өзгешерек. Назарбек Оразбеков орындаған «Эй, Лапылда» әні фильмге қатысты ән болмағанында керемет той хиты болар еді. Көзі қарақты көрермен картинада бүкіл үйлену тойларында шырқалып жүрген «Ru-Me» – «Eligay» әні қойылса дұрыс қабылдамаған болар еді. Алайда жоғарыда айтқанымыздай score саундтректерге бөлек тоқталамыз.

Бұл бөлімді «Жол» фильмінің «G.H.A.D.» тобы орындаған «Ердің жолы». OST әнімен аяқтайық. Рэп-композицияның фильмге әдемі үйлескені соншалық, оны тыңдағанда кинолента еске түседі. Яғни кинолента әнді өз жанрында танымал етіп, биікке көтерді.

Фильмді білеміз, ал ән қайда?

Кейбір әндер танымал әрі сапалы фильмдердің OST әні болса да, танымалдыққа ие бола алмайды.

Қазақстандық көрермендерге Динара Бақтыбаева мен Жандос Айбасовты таныстырған «Қыз бен жігіта» картинасы жап-жақсы касса жинады. Бірақ ондағы саундтректерді еске түсіре аламыз ба? Никита Каревтің тамашама «score» музыкасын кейінге қалдыра тұрайық. Марат Айтымбайдың «Қыз бен жігіт» фильміндегі «Сен және Мен» OST әнін атап өтуге болады.

.

«Шу-Чу» фильмінен кадр

Шоумен Жантиктің (Жантемір Баймұхамедова) «Шу-Чу» деп аталатын атыс-шабыс элементтері бар, шытырман оқиғалы комедиясы көпшіліктің есінде. Шоуменнің өзі орындаған «Братишка Байгали» пародиялық OST әні о баста ротацияға сұранбаған болатын. Бұл өте көңілді трек фильмдегі жалғыз ғана OST емес, онда «Машина приехала» деген ән де орындалған болатын.

Саундтрекі аса танымал емес фильмдердің бірі – «Сказ о розовом зайце». Мұндағы Naz орындаған «Город немой», «Massagets» тобының «Money» әнін ешкім оңайлықпен еске түсіре қоймайды. Бұл тізімге «Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») картинасының OST әні де жатады.Өз кезінде Мейрамбек Беспаев орындаған «Кінәләма» әні, Мөлдір Әуелбекова орындаған «Жаным» әні эфирлерде қойылып жүрді, бірақ әннен көрі фильм көбірек есте қалды.

«Алдар Көсе 21 ғасырда» фильмінде Azary & Kleo орындаған OST еш жерде қойылмайды. Әйтпесе 2015 жылы шыққан «Все будет хорошо» әні Қазақстан экономикасындағы жағдайлардан кейін танымал болар еді. «Музарт» тобының «Қарт сөзi» компазициясы ( «Балалық шағымның аспаны» OST) өте әдемі әрі әуезді, бірақ елбасы туралы трилогияның бірінші бөлімі әннен де көбірек есте қалды.

«Балалық шағымның аспаны» фильмінен кадр

Қорыта келгенде...

Бұл соңғы онжылдықтарда фильмдерге жазылған көптеген әндердің ішіндегі ең жарқын OST-әндер. Киноның дамуы Қазақстанда сонау тереңнен басталады және кеңестік кезеңде қазіргі тілмен қайтқанда ең танымал деген саундтректер шықты. Майя Кристалинскаяның орындауындағы «Песня о матери» әні, «Все равно ты будешь мой» («Ангел в тюбетейке»), Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Көктем вальсі», Ермек Серкебаевтың орындауындағы «Надо мной небо синее» («Наш милый доктор») және осы секілді классикаға айналып кеткен көптеген әндерді есімізге түсіруімізге болады. Мүмкін қазіргі заманауи тректер отандық кинемотографияның даму тарихында өз орнын алатын болар, әзірге жақсы ән тыңдап, ләззат алыңыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер