È

«Кенесары. Соңғы шайқас» деректі фильмі түсірілмек

 «Кенесары. Соңғы шайқас» деректі фильмі түсірілмек

Режиссер Мұхтар Умаров қазақ ханы Кенесары туралы деректі фильм түсірмек. «Кенесары. Соңғы шайқас» деп аталатын болашақ фильм Тоқмақ елді секенінің маңындағы қазақтың үш жүзінен шыққан хандарының шайқасы туралы баяндайды.

«Соңғы хан Кенесары туралы фильм түсіру идеясы бұрыннан ойда жүрген. Соңғы екі жылдан бері қажетті тарихи деректер мен құжаттарды жинастыра бастадым. қазіргі қоғамға, әсіресе өскелең ұрпаққа Кенесары ханның кім болғанын, тарихта қандай із қалдырғанын баяндай келіп, соңғы шайқастарын көрсеткім келедіе», - дейді Мұхтар Омаров.

Режиссердың айтуынша, деректі картинаның түсірілімі көктемде басталады.

Фильмнің жалпы бюджеті бір жарым миллион тенге, авторлар бұл қаржыны краудфандинг әдісімен жинамақ.

«Қаржыны жинау baribirge.kz сайтында жүреді. Бұл қаржы шайқастар өткен жерлерге іссапарларға шығуға, компьютерлік графикаға, сондай-ақ түсірілім тобының жұмысына жұмсалады», - деп түсіндірді Мұхтар Омаров.

Жобаны түсіруге Әділет Рахымбай, композитор Алексей Трубин, массовка бойынша координатор Әбілхайыр Орынбасар, сондай-ақ актер Руслан Ахметов қатысады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса