È

Пенелопа Крус Динара Бақтыбаеваға қошемет сөздер айтты

Пенелопа Крус Динара Бақтыбаеваға қошемет сөздер айтты

Отандық актриса Динара Бақтыбаева 71-ші Канн кинофестивалінің ашылу салтанатында әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды киім үлгісімен таң қалдырды. Бойжеткен қазақстандық дизайнердің қолынан шыққан көйлегімен қызыл кілеммен жүріп өтіп, әлемдік жұлдыз Пенелопа Крустан қошемет сөздер естіді.

«Біреу көйлегімнің Қызыл кілемде үздік болғанын айтты, маған жақындап, суретке де түсіп жатты және ең бастысы - Пенелопа Крустың өзі маған қошемет сөздер айтты: «Beautiful dress!». Бақытымда шек жоқ! Барлығына бұл біздің дизайнердің қолынан шыққан деп мақтанып айттым! Кейбіреулер байланыс номерін де сұрап қалды!» (Пунктуация мен орфография сақталды. – Ред.), - деп бөлісті актриса.

Динара Бақтыбаева Каннда Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмін таныстырды, картинада актриса басты рөлдердің бірін сомдады. Фильм «Ерекше көзқарас» байқауына еніп, 17 мамыр күні көрсетіледі.

Еске сала кетсек, сондай-ақ, кинофестивальдің ашылу салтанатына актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова да қатысқан болатын.

 

Превью: Динара Бақтыбаеваның Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

16 мамыр 2018, 23:11

Это все, то что если мы хотим будет и умеем. Но да ужаса, мы сами себя портим. Это наша горькая правда. Казак десе озыне тиеды

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса