«Келинка тоже человек» фильмінің алғашқы кассалық табысы
қыстың соңғы аптасында біраз кинолентаның тұсаукесері болды. Қазақстандық көрермен үшін «Зверопой» анимациясы, супер батырлар туралы киноны жақсы көретіндер үшін «Защитники», ал отандық киноға адал көрермендер назарына көңіл-күйді көтеретін «Келинка тоже человек» комедиясы ұсынылды.
Рейтинг* тізімінде кассалық пайда жағынан бірінші тұрға «Зверопой» мультфильмі. Illumination Entertainment студиясының жаңа анимациясы қоржынға 293 361 920 теңге түсірді. «Зверопой» - студияның ең ұзақ картинасы: оның ұзақтығы 108 минут. Фильмде 1940-2016 жылдар аралығында шыққан барлығы 85-тей атақты компазиция орындалады. Жоба Риз Уизерспун («Монстры против пришельцев») мен Мэттью МакКонахидың («Кубо. Легенда о самурае») анимациядағы екінші тәжірибелік лентасы. Картинаның бюджеті 75 000 000 доллар.
Табысы жағынан екінші болып қырғыз режиссеры Руслан Акунның «В поисках мамы» картинасы тұр. Комедиялық драма 09 921 190 теңге табыс тапты. Brod.kz порталына берген сұқбатында Тәуекел Мүсілім режиссерды оның фотосы қызықтырған, ол суретте актер спорттық киіммен кеудемсоқ жігіттің образында болған екен. Түсірілім алдында Тәуекел Ольга Ландинадан актерлық шеберлік сабағын алды.
«В поисках мамы» фильмінен кадр
Тізім бойынша үшінші «Келинка тоже человек» комедиясы. Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевтың бірлескени жобасының алғашқы табыс 75 232 000 теңге. Фильм Алматыда үш бөлмелі пәтерде түсірілген. Түсірушілер 21 күн ішінде түсірілімді аяқтады.Кинолентаның саундтрегі роза Рымбаеваның орындауындағы «Жарасты жанұя» әні. Музыка авторы музыкант әрі әнші Әли Оқапов.
«Оскар-2017» жүлдесінің номинанты «Лев» фильмінің түсірген пайдасы 56 929 750 теңге. Сценарий авторы Люк Дейвис әлеуметтік желідегі Сара Бриерлидің оқиғасына тап болады, арада бірнеше күн өткен соң ол оған толықметражды картинаға сценарий жазуға ұсыныс жасайды. Кішкентай Сараның рөліне кастинг бес ай бойы жүрді: осы рөлге 200 бала үміткер болды. «Лев» «Оскарды» ала алмағанына қарамастан фильмнің қоржынында австралиялық киноакадемия марапаты,, BAFTA және Актерлер гильдиясы жүлделері бар. .
«Обитель зла: Последняя глава» фантастикалық триллері екінші аптада 29 451 700 теңге табыс түсірді. Фильмнің түсірілімі етүсірушілерге екі қайғылы оқиғамен есте қалды. Каскадерлердің бірі Оливия Джексон мотоциклде трюк орындау кезінде сол қолын қатты жарақаттап алды, оның қолын кесіп тастауға тура келді. Түсірілім тобының мүшесі Рикардо Корнелиусты вездеход таптап кетті. Оның өмірін ажалдан арашалау мүмкін болмады.
_enyr.jpg)
«Обитель зла: Последняя глава» фильмінен кадр
«Не/смотря ни на что» биографиялық драмасы 26 437 800 теңге пайда әкелді. Картина неміс режиссеры Марк Ротемундтың жұмысы. Актерлер Костя Ульман және Анна Марии Мюле үшін драма алғашқы бірлескен жобалары емес. Бұған дейін олар «Криминальный кроссворд» және «Место преступления» сериалдарына бірге түскен.
Ресейлік блокбастер «Защитники» қазақстандық көрерменді 21 712 700 теңгеге қызықтыра алды. Фильм Сарик Андреасянның 12 режиссерлық және 21 продюсерлік жобасы. Картинаның сценарийін жазған Андрей Гаврилов. Кинолентаның түсірілімі Арменияда, Қырымда және Мәскеуде 2015 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында өтті. 27 ақпанда «Защитник» фильміне арналған комикстер сериясы шықты.
Рейтингтен шығып қалғандар: : «На пятьдесят оттенков темнее» - 20 034 150 теңге, «Гуляй, Вася!» комедиясы - 18 310 520 теңге және «Джеки» драмасыц - 4 969 800 теңге.
*Материал Rentrak және Ticketon.kz. жүйесі арқылы дайындалды
Қазақстанда Rentrak Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне қосылған.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін