È

Алғашқы Littlebig балалар кинофестивалі Алматыда өтпек

Алғашқы Littlebig балалар кинофестивалі Алматыда өтпек

Алматыда келесі жылдың жазында Remedy креативті агенттігінің басшылығымен Littlebig балалар кинофестивалі өтеді.

Кинофестиваль директоры Абдель Фифтибаевтың айтуынша, Littlebig балалар киносы саласының дамуына және адалдық, адамгершілік, жасампаздық пен өзара түсіністік қасиеттеріне ие болатын өскелең ұрпақтың дүниетанымына үлес қоспақ.

«Біз фестиваль бағдарламасын балалар мен жастардың жасампаз дүниетанымының қалыптасуына ықпал ететін шығармашылық кештерге, шеберлік сағаттарына және адалдық пен сұлулық образын ұсынатын қызықты фильмдер мен мультфильмдер көрсетілімдерімен толықтыруға тырысамыз», - деп жазды Абдель өзінің Инстаграм парақшасына.

Абдель Фифтибаев
Абдель Фифтибаев

Кинофестиваль кішкентай көрермендерге ауқымды айналымға шықпаған анимациялық фильмдер мен картиналарды ұсынады. Байқауды құрамында киноөндіріске қатысты балалары бар қазылар алқасы бағалайтын болады.

Шара барысында актерлік шеберлік, режиссура, сценарий жазу, операторлық өнер мен басқа да кино мамандықтарға қатысты шеберлік сабақтары өтеді.

Кинофестивальдің мақсаты – балалар киносы режиссерларын қолдау және болашақ ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған картиналарды дамыту.

Еске салсақ, 2018 жылдың шілдесінде Remedy агенттігі ұйымдастырған екінші Almaty Indie Film Festival өткен болатын.

 

Достар, мы запускаем наш первый международный фестиваль детско-юношеского кино @littlebigfilmfest На данный момент мы отбираем картины, ведем переговоры с продюсерами и правообладателями. Мы постараемся сделать программу фестиваля насыщенной творческими встречами, мастер-классами и показами интересных фильмов и мультфильмов, передающих образы добра и красоты, способствующих формированию созидательного мировоззрения детей и молодых людей. Если кому-то интересно участие или поддержка нашего фестиваля - прошу писать мне в ЛС, будем рады всем! :) #littlebigiff #childrenfilmfest #filmfestival

Публикация от Abdel Fiftybayev (@fiftybayev)

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер