È

Алматыда II Халықаралық Almaty Indie Film Festival тәуелсіз кинофестивалі өтеді

Алматыда II Халықаралық Almaty Indie Film Festival тәуелсіз кинофестивалі өтеді

16 шілде күні II Халықаралық Almaty Indie Film Festival тәуелсіз кинофестивалі басталады. Кинокөрсетілімді жыл сайын Абдель Фифтибаевтің («Бойжеткен») басшылығындағы Remedy креативті агенттігі өткізіп келеді. Фестиваль 20 шілдеге дейін жалғаспақ.

Almaty Indie Film Festival – кез-келген жанр мен бағыттағы қысқаметражды және толықметражды фильмдерді, сонымен қатар музыкалық бейнебаяндарды көрсетуге арналған дәстүрле емес алаңқай. Қонақтар мен қатысушылар ашық аспан астында картиналарды тамашалап қана қоймай, қызықты шеберлік сағаттарына, фильмдердің арнайы көрсетіліміне, жас суретшілердің ерекше көрмесіне және ақындар мен жергілікті музыкалық топтардың өнеріне куә болады.

Биылғы жылы фестиваль бұрынғы Алматы трамвай депосы аумағында және «АртХаус» шығармашылық кеңістігінде өткізіледі деп жоспарлануда. Фильмдер орыс субтитрлармен түпнұсқа тілде көрсетіледі. Көрсетілімдерге кіру тегін.

Қатысуға қазақстандық және шетелдік режиссерлар шақырылады. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бүгінде әлем бойынша 500 өтініш түсіп үлгерген.

Өтініштер 1 шілдеге дейін filmfreeway.com платформасы арқылы тегін қабылданады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер