È

«Таиландтағы демалыс» фильмінің алғашқы трейлері

«Таиландтағы демалыс» фильмінің алғашқы трейлері

14 ақпанда отандық айналымға «Таиландтағы демалыс» комедиясы шығады. Кинотаспаны жас режиссер Ален Ниязбеков («Питерден келген оралман») түсірген. Әзірге желіге фильмнің алғашқы трейлері жүктелді.

«Таиландтағы демалыс» - студенттер туралы баяндайтын шытырманға толы комедия. Балалар жұмбақ түрде Таиландқа тап болады, сол жақта қызықты оқиғаларды бастарынан өткереді.

Фильм кейіпкерлерін Диора Романова, Мәдина мен Медина Тәліпбек, Газрет Ержанов және Айсалқын Ринатқызы сомдады. Көрермендер картинадан сондай-ақ, Нұрлан Қоянбаев пен Дәулет Бижановты көре алады.

Комедия түсірілімі 2016 жылы Таиландта өтті. Фильмнің бас продюсері - Нұрлан Қоянбаев.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

15 января 2018, 18:22

Прикольно!

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер