«Әділдік оқтары» трэш-хикаясы бойынша комикс шығарылмақ
Khan Comics отандық студиясы «Әділдік оқтары» трэш-хикаясы бойынша комикс шығарылымын дайындап жатыр. Комикс әзірге «Bullets of Justice» деп аталады. Қазіргі таңда басылымның сынамалы нұсқасымен қызу жұмыс жүргізілуде.
«Әділдік оқтары» хикаясы Үшінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі оқиғаны баяндайды. Американдық ғалымдар шығарған «Әскери бекон» жобасы бақылаудан шығып кетті. Нәтижесінде әлем екі лагерьге: адамдар және қатігез шошқаларға бөлініп кетті. Адамдар әулетін құтқару мақсатында соғыс алаңына бастарды аңдушы Роб Джастис шығады.
«Хикаяны комикстерге ауыстыру жөніндегі мәселе Тимур Тұрысбековпен бірге шешілді. Себебі, комикстің фильмнен айырмашылығы – кейбір сәттерді тексеруге аз ғана қаражат кетеді әрі бірнеше кейіпкерлерді қайта өңдеуге болады. Қазір сынамалы шығарылымды дайындап жатырмыз. Бізде мұқаба мен превью бар»,-деп бөлісті Khan Comics жетекшісі Оразхан Жақып.
«Bullets of Justice» комиксінің мұқабасы
Комикс сценарийін Тимур Тұрысбеков пен Оразхан Жақып жазуда. Басылымның шолу жұмыстарымен суретшілер Артем Горчаков пен Данияр Орынбаев айналысып жатыр.
Авторлар комиксті биыл шығаруды көздеп отыр. Тираж бойынша орыс пен ағылшын тілдерінде 2000 дана шықпақ.
«Әділдік оқтары» хикаясының тұсаукесері биылғы жылы болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін