È

Baikonyr Short Film Fest жеңімпазы Баймұрат Жұманов жаңа фильм түсіруде

Baikonyr Short Film Fest жеңімпазы Баймұрат Жұманов жаңа фильм түсіруде

Қазақстандық режиссер әрі актер Баймұрат Жұманов «Тұсқағаздағы суреттер» атты жұмыс атауы бар қысқаметражды жаңа фильмінің түсіріліміне кірісіп кетті. Қоюшының алғашқы «Қатал жігіт» картинасы Baikonyr Short Film Fest-2017 фестивалінде Бас жүлдеге ие болған еді.

«Тұсқағаздағы суреттер» қысқа метрі заманауи қоғамда өз орнын іздеп жүрген суретшінің хикаясын баяндайды. Алайда, оның түсіністік іздеуі түңілуге әкеледі. Дегенмен, кейіпкердің қиындықтарына қарамастан, хикая ақжарқын әрі жеткілікті түрде белсенді болуға уәде береді.

Фильм түсіріліміне қоюшы-оператор Қуаныш Мақатов және актерлар Максим Богомолов, Кәрім Қадырбаев және Ксения Черных атсалысты.

Баймұрат Жұмановтың фильмографиясында толықметражды және қысқаметражды ойнамалы картиналардағы көптеген рөлдері бар, атап айтсақ, олар - Мұрат Маханның «Сот орындаушы» фильмі, Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» картинасы және Нариман Төребаевтың «Ластанған үлкен шаһар» таспасы. Жұманов режиссурадағы алғашқы қадамын 2016 жылы жасаған, «Қатал жігіт» қысқаметражды таспасының түсіріліміне арналған «Қазақфильм» жанындағы «Дебют» ШӨБ грантын жеңіп алған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса