È

«Ұшқын» I студентік кинофестивалінің жеңімпаздары

«Ұшқын» I студентік кинофестивалінің жеңімпаздары

Астанада «Ұшқын» I студентік кинофестивалі аяқталды. Байқауды Қазақ Ұлттық өнер университеті өткізген болатын.

«Ұшқын» фестивалінің негізгі бағдарламасына ҚазҰӨУ студенттері түсірген 50 жұмыс қатысты.

«Байқауға «Кино және ТВ» кафедрасының студенттері ғана қатысты. Байқау жұмыстарының тақырыптары мен жанрлары драмадан триллерге, жалғыздық тақырыбынан бастап, отбасылық мәселелерге дейін әр түрлі болды. Сондай-ақ, фестиваль аясында Санкт-Петербург, Лос-Анджелестегі Нью-Йорк кино академиясы, Чехия мен Канадада орналасқан 7 киномектептен 20 картинаның көрсетілімі өтті. Осылайша, қатысушылар өз жұмыстарын шетелдіктермен салыстырып, өздеріне қажетті мағлұмат ала алды. Бүкіл әлемнен келген жұмыстарды қатыстыру фестивальдің дәстүріне айналады деп ойлаймын», - деп қорытындылады режиссер әрі кинотанушы Ерлан Нұрмұхамбетов.

10 негізгі атылымда жеңіске жеткендер: «Үздік режиссерлік жұмыс» - Марғұлан Жүнісбектің «Мен кіммін?» картинасы, «Үздік ойнамалы фильм» және «Үздік әйел рөлі» - Сержан Шұғыланың «Самал» фильмі, «Үздік анимациялық фильм» - Сұлтан Қыдырбаевтың «Таң атты» фильмі, «Үздік деректі фильм» - Арман Қайыржанның «Мен кіммін?» және Нұрсұлтан Нұсқабековтың «Қасапшының бір күні» картиналары, «Үздік дыбыс режиссурасы» - Нұрдәулет Ертаевтың «Мөлдір махаббат» фильмінің дыбыс режиссері, «Үздік операторлық жұмыс» - Камила Мақаттың «Таңдау» фильмінің қоюшы-операторы, «Үздік ер адам рөлі» және «Екінші қатардағы үздік ер адам рөлі» - «Айналым» картиналарының актерлері Нұрғазы Жұмабай және Досбол Құдабаев, «Үздік телевизиялық бағдарлама» - режиссер Анар Мергенбаеваның «Ояну» фильмі.

«Өнертану» кафедрасы өз жеңімпаздарын таңдады. «Үздік сценарий» мен «Бауыржан Нөгербек атындағы жүлдені» «Самал» картинасы иеленді.

Студенттік қазылар алқасы да өз таңдауын жасады: режиссер Санжар Амансүгіровтың «Қарабас» таспасы «Үздік режиссерлік жұмыс» атанды, Еламан Шаубановтың «Ойраны» «Үздік фильм» деп танылды.

Айдос Тұртаевтың «Жүк» фильмі «Көрнекі тапсырмаларды шешу бағытында қолданылған креативті қосымша операторлық құралдары» үшін «ТрансРефСервис» компаниясының жүлдесіне ие болды. Ал Astana Film Academy компаниясының жүлдесін Арман Қайыржанның «Мен кіммін?» фильмі иеленді.

Кинооператор Болат Сүлеев атындағы сыйлыққа «Үздік операторлық жұмыс» үшін «Күзгі уайымның» операторы Досхан Уәхитов ие болды.

Ораз Әбішев атындағы қордың сыйлығын «Үздік ойынсыз фильмі» үшін «Қасапшының бір күні» драмасы иеленді.

«Vosmerka.kz сайтының таңдауы» жүлдесі режиссер Сержан Шұғыланың «Самал» картинасына бұйырды.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

27 февраля 2018, 16:20

Молодцы!

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер