È

«Районы» фильмінің постері

 «Районы» фильмінің постері

Желіде Ақан Сатаевтың «Районы» фильмінің ресми постері жарияланды. Картина продюсерлері: Әлия Меңдіғожина, Эрнар Құрмашев, Дәурен Күмпеисов және Данияр Аманов. Фильмнің қоюшы-операторы - Хасан Қыдырәлиев, композитор - Алим Заиров, қоюшы-суретшісі - Назира Байбекова, костюмдер бойынша суретші - Елена Рубанова.

«Районы» - Арсен есімді жас жігіт туралы криминалды драма. Қаланың ортасына келген бас кейіпкер осы жерден жаңа достар тауып, жергілікті ережелермен танысады.

«Районы» фильмінің түсірілімі. Фото: TheSteppe

Басты рөлдегі Елтерес Нұржанов үшін бұль картина оның кинодағы дебюті. Brod.kz сайтына берген сұқбатында актер фильмдегі бас кейіпкердің басындағы жағдай өз басынан да өткендігін айтқан болатын.

картина Алматы қаласында түсірілді, түсірілім бір айдан астам уақытқа созылды. Қатысушылар: Елтерес Нұржанов, Марйам Сатаева, Шәріп Серік, Жеңіс Омаров, Данияр Алшынов және басқалар.

«Районы» отандық картинасының тұсаукесері 3 қарашада.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Асылхан Төлепов

Актер