È

«Қалай да той жасау» фильмінің постері

«Қалай да той жасау» фильмінің постері

Қанағат Мұстафин мен Айдын Самаханның «Қалай да той жасау» отбасылық комедиясының тұсаукесер күні ауыстырылды. Картина отандық айналымға алдыңғы жолы хабарланғандай, 2018 жылдың 15 наурызында емес, наурыздың 21-ші жұлдызында шығатын болды.

Фильмнің шығу қарсаңында авторлар ресми постерді ұсынды.

«Қалай да той жасау» фильмінің кейіпкері телевизия режиссерінің көмекшісі Мақсат. Ол туған қарындасының «Ұзату» тойының алдында мейрамхана есебін төлеуге арналған ақшаны жоғалтып қояды. Мақсаттың ойына оралған жалғыз дүние – салтанатты шараны реалити-шоудың аясында тегін өткізу. Жігіт тек арна басшысын сол жобаны өткізуге көндіруі керек.

Мақсатты көрерменге «Наурыз.kz», «Аудандар», «Тайталас», «Ана жүрегі» фильмдері мен хикаялары арқылы танылған Шәріп Серік сомдады. Тойы үзілуге шақ қалған қарындасының рөлін Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, ал ата-аналарын Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов ойнады. Тағы бір негізгі кейіпкер – екінші режиссерді Айым Сейтметова сомдады.

Фильм сценарийін «Қазақша кәсіп», «Аға ма әлде неке ме» және «Таиландтағы демалыс» картиналарымен жұмыс істеген Әлішер Утев жазды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер