È

Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильмінің постері

Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильмінің постері

Кинорежиссер Асқар Бисембин «Кинодан да артық» комедиясының бірнеше постерін ұсынды. Көркем постерлерде еліміздің танымал актерлары мен вайнерлер сомдаған кейіпкерлер бейнеленген.

«Кинодан да артық» фильмі – комедия жанрында түсірілген картина, кейіпкерлері кино түсірумен айналысатын адамдар болып табылады. Кино қайраткерлерінің қандай қиындықтарға тап болатынын осы картинадан көретін боламыз.

Асқар Бисембиннің сөзінше, көрермендер кино әлемінің кадр сыртындағы көріністеріне куә болмақ.

«Кинодан да артық» фильмінің түсірілімінен сурет
«Кинодан да артық» фильмінің түсірілімінен сурет

Таспадағы басты рөлдерді Данияр Алшынов және Аружан Жазылбекова сомдады. Сонымен қатар, фильмге Дәурен Айдарқұлов, Жәния Джуринская, Газрет Ержанов, Олжас Бекбауов, Мәдина Оспан, сондай-ақ танымал вайнерлер: Нағима Ахметова, Рәтбек Байенов және кинорежиссер Ақан Сатаев түсті.

Картина түсірілімі Алматыда ағымдағы жылдың шілдесінен тамызына дейін болды. Оған қоюшы-оператор Виктор Бормотов және қоюшы-суретші Рүстем Мұсаев атсалысты.

Айта кету керек, Асқар Бисембин бұл жобада режиссер, продюсер әрі сценарист болды.

Комедия айналымға 23 қараша күні шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер