È

Жеңіс күніне арналған мерекелік телебағдарлама

Жеңіс күніне арналған мерекелік телебағдарлама. Қазақстан киносы

«Бродвей» кинопорталы құрметті ардагерлерді және барша отандастарды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Кеңес халқының батырлығын дәріптейтін бұл күні отандық телеарналарда соғыс туралы, батырлар жайлы және Ұлы Жеңіске арналған көркем фильмдер көрсетіледі.

«Хабар» телеарнасында мерекелік концерттерден бөлек, «Анаға апарар жол» фильмі ұсынылмақ. Картинаны отандық режиссер Ақан Сатаев түсірген. Фильм бала кезінен отаны мен отбасынан көз жазып қалған Ілиястың оқиғасын баяндайды. Бөтен елде өскен кейіпкер ұзақ жылдар бойы туған жеріне – Қазақстанға, анасына оралуды армандайды. Алайда, басталып кеткен соғыс оны бұл арманынан жырақтатады. Тек Ілиясқа анасының махаббаты ғана күш береді. Фильм сағат 11:45-те қазақ тілінде көрсетіледі.

Сағат 21:35-те «28 панфиловшылар» жаңа кинотуындының тұсауы кесіледі. Фильмнің басты кейіпкерлері – 316-атқыштар дивизиясының әскерлері. 1941 жылы дивизия генерал-майор Иван Панфиловтың басшылығымен Мәскеу маңындағы жаудың шайқасын тоқтатқан. Картина ресейлік режиссер Андрей Шальопаның Ресей мен Қазақстанның біріккен жұмысы болып табылады. «28 панфиловшылар» киносының тұсаукесері 2016 жылдың қараша айында өткен.

«28 панфиловшылар» фильмінен көрініс

«Бірінші Қазақстан» көрермендерге «Шайқасқа тек шалдар ғана барады» әйгілі киносын ұсынады. 1973 жылы Леонид Быков түсірген танымал кеңестік фильмнің бірі. Капитан Титаренко жақында ғана жас ұшқыштардан құралған топты жинақтады. Бірақ, оларды шайқас алаңына жібергісі келмеді, өйткені ұшқыштар әлі жас әрі тәжірибесіз еді. Жуырда жас ұшқыштардың өз қабілеттері мен батырлығын көрсететін сәт туады. Көрсетілім 16:40-та болады.

«КТК» көрермендерге «А зори здесь тихие» (2015) әскери драмасын сыйлауды ұйғарды. Фильм 1972 жылғы осы аттас әйгілі картинаның ремейкі болып саналады. Оқиға 1942 жылы ұлтшыл әскерлердің Кировск темір жолын басып алуын көрсетеді. Жауларды старшина Васковтың 5 зеңбірекшіден тұратын кішігірім тобы тоқтатуы тиіс. Кейіпкерлердің фашистер жоспарының талқанын шығарып, жүздеген адамның өмірін құтқарып қала алатынын немесе алмайтынын сағат 21:00-де біле аласыздар.

«НТК» телеарнасы көрермендерге Отанға деген махаббат пен батырлықты дәріптейтін «Көшпенділер» тарихи драмасын дайындап қойды. Фильмдегі оқиға XVIII ғасырдағы қазақтар мен жоңғарлар хандығының шайқасын баяндайды. Қазақ халқына бостандық сыйлап, жаудың қысымынан қорғау жауынгер Мансұрға бұйырыпты. Ол Абылай хан есімімен танымал ұлы қолбасшыға айналады. Басты кейіпкерді мексикалық актер Куно Бекер сомдаған. Фильм сағат 16:10-да көрсетіледі.

«Көшпенділер» фильмінен көрініс

«Алматы» арнасынан «Мәншүк туралы ән» кеңестік фильмін тамашалауға болады. Кинокартинаны 1969 жылы режиссер Мәжит Бегалин түсірген. Туындыда алғашқы қазақ әйел батыры, пулеметші Мәншүк Мәметова өмірінің бір күні мен соңғы күндері суреттеледі. Батыр қыздың жауға қарсы күресін сағат 11:00-де көре аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер