È

Қанат Бейсекеевтің «Bala» фильмінің тұсаукесері

 Қанат Бейсекеевтің «Bala» фильмінің тұсаукесері

Бүгін Chaplin Mega Park кинотеатрында Қанат Бейсекеевтің «Bala» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Картина Америка азаматтары асырап алған қазақстандық балалар жайлы.

«Bala» фильмі - отандық документалист Қанат Бейсекеевтің екінші авторлық жобасы, ол бұған дейін АҚШ-та паналап жүрген отандастарымыз туралы «Казахстанцы в Америке» фильм түсірген болатын. Өзінің жаңа туындысын режиссер америкалық отбасылар асырап алған 8 қазақ баласына арнап отыр.

Кинолентаның түсірілімі Вирджиния, Иллинойс, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Калифорния, Миссури, Нью-Йорк және Пенсильвания штаттарында өтті. Бейсекеевтің айтуынша, фильмнің негізгі мақсаты бала асырап алуға объективті көзқарасты көрсету болды.

Жобамен жұмысты режиссер 2015 жылы бастаған. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты түсірілім барысы уақытша тоқтатылды. Қазжетті қаржыны, нақтырақ айтқанда 5 мың долларды жинау үшін режиссер краудфандинг кампаниясын жасады. Картинаны аяқтауға документалситің шығармашылығымен жақсы таныс адамдар және фильмге арқау болған отбасылар көмектесті.

«Bala» фильмі түұсаукесерден кейін Желіге жарияланады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер