È

«Қария» хикаясының тұсаукесері

«Қария» хикаясының тұсаукесері. Қазақстан киносы

5 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасынан «Қария» хикаясы көрсетіле бастайды. Көпсериялы драма қарттар үйінде еркінен тыс тұрып жатқан қарт туралы баяндайды. картинаның қоюшы-режиссері - Асқат Мұсатай, ал продюсері - Нұржайна Жұмаділлаева.

Хикаяның басты кейіпкері – Әбілғазы, кезінде құқық қорғау органының қызметкері болған, ал қазір қарттар үйін паналаған жан. Туыстарынан жырақта жаңа өмір бастаған ер азамат күтпеген қиындықтарға тап болады. қарттар үйінің директоры тұрғындарға күн көрсетпей, лауазымын асыра пайдаланады. Өмір бойы әділеттілік үшін күрескен Әбілғазы аталмыш жағдайды түзетіп, реттеуге кіріседі.

Қарт адамды көрермендерге Әділхан Ержановтың «Қожайындар» картинасы арқылы танылған Бауыржан Қаптағай сомдады. Сондай-ақ, телефильмде Досжан Жанботаев, Алмас Сақатов, Ақмарал Дайрабаева, Мадина Оспан және Айқын Төлепберген ойнайды.

Көпсериялы драма Алматыда «Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілді. Түсірілім биылғы жылдың сәуірінен маусым айына дейін жалғасқан.

Көрермендерге барлығы 12 бөлім ұсынылады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

18 қыркүйек 2017, 12:53

Вот что надо с от всем

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер