È

«Көзайым» сериалының тұсаукесері

 «Көзайым» сериалының тұсаукесері

23 наурызда «Қазақстан» арнасында «Көзайым» сериалының тұсаукесері өтеді. Көпсериялы мелодрама - Bas dala group шфығармашылық бірлестігінің жаңа жобасы.

«Көзайым» сериалында телекөрермендерді махаббат, достық, отбасы жайлы қызықты оқиға күтіп тұр. Сюжет бойынша Еркебұлан достарымен бәстеседі: ол сүйкімді Көзайым атты қызды өзіне ғашық етуі керек. Уақыт өте келе Еркебұлан ол қызға өзінің шын ғашық болып қалғанын байқамай қалады. Алайда Көзайымға Сұлтан атты жігіт ұнайды, ол жігітпен Көзайым әлеуметтік желі арқылы танысқан. Нәтижесінде кім жеңімпаз болады, ал кім жеңіледі, мұны көрермендер жақында біле алады.

Сериалға сценарий жазған Данияр Күмісбаев. Жобаның режиссеры Ақжол Әбілов, ал қоюшы-операторы - Ерзат Батай.

Фильмнің түсірілім Алматыда 2016 жылдың маусым-тамыз айларының аралығында өтті. Оған Ringo тобының мүшесі Батыр Байназаров, Маржан Қалыбек, әнші Нұрболат Абдуллин, Ерік Жолжақсынов, Айгүл Иманбаева, Азат Сейтметов және басқалар қатысты.

Қазақстандықтарға барлығы 20 серия ұсынылады. Алғашқы эпизодтың көрсетілімі 23 наурызда 21:35-та «Қазақстан» телеарнасының эфирінде.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

23 наурыз 2017, 17:56

Нужно будет понабдюдать за актерскими навыками парня из Ringo

Жанара Болтаева

14 қараша 2017, 13:15

Как жаль что заменили Козайым во втором сезоне Даже дальше смотреть дальше не хочется теперь)

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса